IT университетінің студенті ҰБТ тапсыруға арналған онлайн-ойын жасап шығарды

Алматыдағы халықаралық ақпараттық технологиялық университетінің 3-курс студенті жарты миллион теңгені ұтып алып, енді түлектердің ҰБТ-ға дайындалуы үшін "PassENT" ойынын  жүзеге асыруға кірісті. Студент Астанада өткен "Digital Communications Kazakhstan-2012" конференциясында өз жобасын ұсынып көрген.

Азат Шәуен өз жобасын интеллектуалдық онлайн-ойын секілді стратегиялардың арқасында мектеп бітіруші түлектерге қызықты қылып ұсынбақ. Тоқтала кетсек, сервер кездейсоқ түрде үш ойыншыны таңдап алады. Содан барып әр түрлі пәндер бойынша сұрақтар қойылып, қарсыластардың білім деңгейі анықталады. Және білімі оза шапқан түлек қарсыласының иелігіндегі жерге үстемдік етіп, арман-мақсатын толығымен орындауға мүмкіндік алады

Өздеріңіз біліп отырғандай, орыс тілінде осыған ұқсайтын (бұл соларға ұқсайды) онлайн-ойындар жетіп артылады. Алайда, қазақ тілінде...Осыны ескерген Азат жігітіміз 2013 жылдың соңына дейін өз ойын жүзеге асырып үлгермек

"Қазірдің өзінде 80 пайыз дайын тұрған жоба келесі жылдың наурыз бен сәуір айларында дайын болады. Мұндай ойындардың көптеген елдерде үлкен сұранысқа ие екенін ескере отырып, жасап шығарсам қайтеді деген ой туындады. Нәтижесінде ҰБТ-ға дайындалудың оңай жолы пайда болды" - деп жобаны ұсынушы өз ойын айтты. 

Азаттың сөзіне сенсек (бәріміздің де сөзіміз), Қазақстандағы бірыңғай тестілеудің жүйесі ең өзектің проблема болып саналады. Жас шәкірт екінші курс оқып жүрген сәттің өзінде-ақ, осы ой-арманын қолға ала бастапты. Бүгінгі таңда Шәуенов мырзаға әр тараптан көптеген ұсыныстар түсіп жатқан көрінеді. Оның үстіне үшінші курс студентінің бұдан да асқақ ойлары бар болғандықтан шығар.

сурет: iitu.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт