Шығарманы не эссені сауатты жазу және құрылымын толық меңгеру бірден іске асатын дағды емес. Оған уақыт керек. Дайындық кезінде мына әдістердің көмегіне сүйенсеңіз, жазуға төселетініңіз анық. 1. Mindplan құруды үйреніңіз:Берілген тапсырманы оқып, ойланыңыз, ойыңыз шашырамас үшін mindplan құруды үйреніңіз. Mindplan идеяларыңызды жинақтау үшін қағазға түсірілген жазу жоспарыңыз.Мысалы:Айналамыздағы адамдармен сөйлесу барысында бізге жоспардың керегі жоқ. Бірақ, IELTS емтиханы кезінде эссе жазу әр түрлі саладан белгілі бір білім деңгейін керек етеді (білім, мәдениет, спорт, медицина). Сондықтан, ойдың жүйелілігін сақтау үшін логикалық сызба артық етпейді.2. ЛексикаОйыңызды, талқылау мен қорытындыға керекті сөздер мен сөз тіркестерін естен шығармаңыз. Ойыңызға түскен бойда, қағаздың шетіне жазып қойғаныңыз дұрыс. Зат есім, етістік пен сын есімдерді орынды қолданыңыз.IELTS writing essay тақырыптары: Education Work, career Adults and children Mass media Tourism, travelling Architecture Old people Military service Technological advances Environment Agriculture Cars Human beings and animals Medicine. Psychology. Cloning. Healthy lifestyle Hobbies Developed/developing world Migration Smoking and drugs Sports Music Art Crime Urban and rural problems3. Эссе құрылымын сақтаңыз:Емтиханды тексеруші мамандар құрылымы сақталмаған эссе үшін ұпайыңызды азайтуы әбден мүмкін. Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды жазба жұмысыңыздың қаңқасы екенін ұмытпағаныңыз жөн. Сонымен қатар, эссеңіздің құрылымы сіздің құрған mindplan-мен тығыз байланысты. 4. 1-3 қадамдарды қайталап, тәжірибеде қолданыңыз:IELTS writing (essay) емтихан бөлігіне дайындық барысында жоғарыда көрсетілген тараулар бойынша жиі жұмыс жасаңыз. Әр тақырыпқа логикалық сызба құрыңыз. Тіпті, қазақ тілінде де эссе жазу керек болған жағдайда бұл тарауларды қолданып, әдетіңізге айналдырыңыз.Сәттілік тілейміз!