Басы мұнда
IELTS емтиханына дайындық
Үміткерлердің барлығына тестке арнаулы дайындықтан өтулеріне кеңес беріледі. Қажетті балды алу үшін Сізге:
Біріншіден, ағылшын тілін білу керек;
Екіншіден, IELTS құрылымымен (форматымен) танысқан жөн.
Төменде тестке дайындалу түрлерін ұсынамыз – өзіңізге ең қолайлысын таңдаңыз.
МҰҒАЛІММЕН ЖЕКЕ ДАЙЫНДЫҚ
СИПАТТАМА:
* Емтиханға дайындалудың жақсы әдісі болып саналады (егер сіз, әрине, білікті де тәжірибелі мұғаліммен дайындалсаңыз.), себебі сіздің курстық бағдарламаңыз өзіңіздің қалауыңыз бен тілді білу деңгейіңізге қарап құрастырылады.
* Уақытыңыздың үнемделуі, себебі оқытушы тек сізге арнап қалауларыңыздың барлығы ескерілетін жоспар құрады және де ол белгілі бір бағытта даму үшін әсерін тигізеді.
* Жеке ықпал ету.
* Өз қалауымен сабақ интенсивтілігін таңдау мүмкіндігі.
* Топтың ашылуын күтпейсіз.
КЕМШІЛІКТЕРІ:
* Қымбат
* Сабақ топтағыдай қызықты болмайды.
* Өзіңнің қандай деңгейде екеніңді (немесе қандай деңгейге жеткеніңді) білу қиын.
Құны:
* 45 минуттік бір сабақ орта есеппен 2500-4000 теңге тұрады (жергілікті мұғаліммен);
* 45 минуттік бір сабаққа 4500-6000 теңге (меңгеріп жатқан тіл мұғалімнің ана тілі болуы*)
* Тіл иеленушілердің бәрі білікті маман емес, сондықтан курсқа жазылмай тұрып, міндетті түрде мұғалімнен мамандығын куәландыратын құжат сұраңыз, мысалы, халықаралық сертификат, диплом: CELTA, DELTA т.б.
6-12 АДАМДЫҚ ТОПТА ДАЙЫНДАЛУ
СИПАТТАМА:
* Емтиханға дайындалу уақыты жеткілікті және ағылшын тілін жоғары деңгейде игерген (Upper-Intermediate-тен жоғары) үміткерлерге ең қолайлы әдіс болып табылады.
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
* Дайындалу процесі топтың басқа студенттерінің қатысуымен қызықты да нәтижелі өтеді.
* Мұғалімге қояр сұрақ та туындайды.
* Тәжірибемен бөлісу.
* Басқа студенттермен жұптасып, тесттің Speaking бөліміне жаттығу мүмкіндігі.
* Курс бағасының оңтайлы болуы.
КЕМШІЛІКТЕРІ:
* Мұғалім тек сізге көңіл бөле алмайтындықтан, дайындық курсына қатысу мерзімі ұзарады.
* Топтың ашылуын күту керек.
Құны:
* 24 академиялық сағат (1 ай) орта есеппен 25000-35000 теңге.
ӨЗ БЕТІМЕН ҮЙДЕ ДАЙЫНДАЛУ
СИПАТТАМА:
*Тестке дайындалудың бұл әдісі көбінесе ағылшын деңгейі жоғары, тек тесттің форматы және құрылымымен таныспақ болған үміткерлерге ыңғайлы. Жеке дайындықтан соң өзіңіздің нәтижеңізді бағалау үшін мұғалімнен бірнеше жеке сабақ алыңыз.
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
* Оқулықтардың ғана құны төленеді.
* Қолайлы оқу кестесі.
КЕМШІЛІКТЕРІ:
* Тестке дайындық ұзақ уақыт алады.
* Өз бетіңізбен дайындық жоспарын құруға тура келеді.
* Студент жоғары мотивациялы болуы тиіс.
Құны:
* Тестке дайындық оқулықтары жинағын сатып алу орта есеппен 6500-10000 теңге тұрады.
Суреттер ғаламтор беттерінен алынған