Бүгін ағылшын тілінің Elementary деңгейінің сабақтарын бастаймыз. Алғашқы дәрісімізде to be етістігінің грамматикалық құрылымдарын үйренеміз.
To be етістігінің мағынасы «болу, табылу» деген ұғымдарға келеді. Ағылшын тіліндегі өзге де етістіктерден ерекшелігі to be етістігі жіктеледі және көптеледі.
to be етістігінің формалары:
I am
мен бар(мын)
He / She / It is
ол бар (-)
We are
біз бар(мыз)
You are
сіз, сіздер бар(сыздар)
Тhey are
олар бар (-)
I am in the room.
Мен бөлменің ішіндемін.
The book is on the table.
Кітап үстелдің үстінде.
Келтірілген мысалдарда to be етістігі жеке дара қолданылған. Одан бөлек, күрделі баяндауыш жасауда қосымша етістік ретінде де қолдануға болады. Яғни, бастауыштың қай жақта тұрғанын анықтайды.
I am a doctor.
Мен дәрігермін
The weather is fine.
Ауа-райы өте жақсы
They are from Paris.
Мен Парижденмін.
To be етістігі сөйлемнің сұраулы немесе болымсыз түрін жасау кезінде қосымша етістікті қажет етеді. Сұраулы сөйлемді жасау үшін to be етістігін бастауыштың алдына шығарып (инверсия) жібереміз.
Am I happy?
Is the book interesting?
Is he our teacher?
Ал болымсыз түрін жасау үшін to be етістігінен кейін not демеулігін жазу арқылы жасалады.
I am not happy.
The book is not interesting.
He is not our teacher.
To be етістігінің осы шақта жіктелген түрі (Present Simple (Indefinite)):
Болымды (+) Болымсыз (-) Сұраулы (?) I am I am not (am not) Am I? He is He is not (isn't) Is he? She is She is not (isn't) Is she? It is It is not (isn't) Is it? We are We are not (aren't) Are we? You are You are not (aren't)Are you?
They are They are not (aren't) Are they?
To be етістігінің өткен шақта жіктелген түрі (Past Simple (Indefinite)):
Болымды (+) Болымсыз (-) Сұраулы (?) I was I was not (wasn't) Was I? He was He was not (wasn't) Was he? She was She was not (wasn't) Was she? It was It was not (wasn't) Was it? We were We were not (weren't) Were we? You were You were not (weren't) Were you? They were They were not (weren't) Were they?
To be етістігінің келер шақтағы жіктелген түрі (Future Simple (Indefinite)):
Болымды (+)
Болымсыз (-) Сқраулы (?) I will be I will not be (won't be) Will I be? He will be He will not be (won't be)
Ауызша айту кезінде not демеулігі to be етістігіне бірігіп жазылады.
is not = isn't
are not = aren't
Оған қоса, to be етістігін жіктеу есімдіктерімен біріге, қысқарып та қолданылады.
I am = I'm
We are = we're
He is = he's
Ал ендеше бүгінгі дәрістен алған біліміңізді тексеріп көріңіз. Мұнда өтілген тақырып бойынша тапсырмалар берілген.
// =10 && g=15 && g=25 && g 1.To be етістігінің дұрыс формасын қойыңыз: I ... a student of KazNUСабақты дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.muhsd.k12.ca.us