Алғашқы сабағымызда әліпбиді үйренген едік. Әліпбиді жақсылап меңгерген болсаңыз, онда сізден қысқа ғана емтиханымызды аламыз. Көштен қалмай, бағыңызды сынап көріңіз.
Exercise 1. Click on the letter button and find the letters. (Letter(әріп) батырмасын шерткен кезде қай әріп шығады, соны табыңыз. True - дұрыс, False - қате деген мағынаны білдіреді)
Exercise 2: Put the letters in alphabetical order. (Әр қатардағы әріптерді әліпби бойынша дұрыс ретімен қойыңыз. True - дұрыс, False - қате деген мағынаны білдіреді )
Төмендегі сөздер келесі сабақтарда жиі қолданылатын сөздер, сондықтан осы сөздерді жаттап алыңыздар:
Ағылшын тілінде сандардың жазылуы өте оңай. Ең алдымен төменнен сандардың жазылуы мен айтылуын оқып үйренейік. Ал қалған жазылмай қалған сандар болса, қазақ тіліндегідей қасына қосып айтсаңыз болады. Мысалға 22 айтқан кезде жиырманың қасына екіні қосамыз. Ағылшын тілі тура сондай, twenty (жиырма) сөзіне two (екі) жалғасақ twenty two (жиырма екі) болады. Ал егер саныңыз жүзден жоғары болса, 'and' (және) сөзін жүздік пен ондықтың арасына жалғаймыз. Мысалы, one hundred and thirty-two (132), one thousand two hundred and seven (1,207), one million six hundred and eleven thousand nine hundred and eight (1,611,908). 0 саны әр жағдайда әр түрлі айтылады. Телефонмен сөйлескенде 0 = oh, температура айтқанда 0 = zero, математикада 0 = nought, футбол және басқа да спорт түрлерінде 0 = nill, теннисте және бадминтон ойынында 0 = love
Таңбасы Жазылуы Айтылуы Symbol Word Pronounce It 0 Zero 1 One 2 Two 3 Three 4 Four 5 Five 6 Six 7 Seven 8 Eight 9 Nine 10 Ten 11 Eleven 12 Twelve 13 Thirteen 14 Fourteen 15 Fifteen 16 Sixteen 17 Seventeen 18 Eighteen 19 Nineteen 20 Twenty 21 Twenty-one 30 Thirty 40 Forty 50 Fifty 60 Sixty 70 Seventy 80 Eighty 90 Ninety 100 One hundred 1000 One thousand 10 000 Ten thousand 1 000 000 One million 1 000 000 000 One billion1-тапсырма. Сандарды оқып үйренген болсаңыз, бірге сандар әнін айтайық.
P.S. Келесі сабақта сандардан емтихан болады. Жаттап келіңіздер.