Ағылшын тілінде белгісіздік есімдікке жататын сөздер жеткілікті. Дегенмен, бүгін біз some, any, no есімдіктеріне тоқталамыз. "No" белгісіздік есімдігін кейде болымсыздық есімдігіне де жатқызады.
• Some – кейбір, кей, бірнеше, әлдекім.
• Any — кей, кейбір, әлдекім, кез келген.
• No — ешкім, ешқандай.
Белгісіздік есімдіктері some және any, сонымен қатар олардың туындылары зат есімдердің санына (мөлшеріне) қарамастан қолданыла береді.
Мысалы:
She has some problems – оның кейбір мәселелері бар.
May I take some sugar? – мен аздаған қант алсам бола ма?
Has he any relatives? – оның жақын туыстары бар ма?
I can meet you any time you wish – мен сізбен кез келген уақытта кездесе аламын.
Some, any есімдіктерін сөйлеу немесе жазу барысында орнымен қолдану үшін төменде көрсетілген ережелерді жаттап алыңыз:
Бұл белгісіздік есімдігі негізінен болымды сөйлемдер де қолданылады.
• There is some water in the cup – тостағанда аздаған су бар.
• There is some person in the hall – холлда әлдекім жүр.
Сұраулы сөйлемдерде ол тек екі жағдайда ғана қолданылады: егер біз әлдекімге бірнәрсе ұсынсақ немесе егер біз бірнәрсе сұрасаған жағдайда.
• Would you like some chocolate? – Шоколад жегіңіз келмей ме?
• Can I have some salt, please? — Өтінемін, аздаған тұз бересіз бе?
Some сөзі қазақ тіліне мағынасына қарай әр түрлі аударылады.
• There is some book on the desk. Is it yours? — Үстелдің үстінде әлдеқандай кітап жатыр. Сенікі ме?
• I have some pens, I can give you one. — Менде бірнеше қалам бар, қаласаң саған біреуін бере аламын.
• There is some milk in the bottle, but not much. — Бөтелкеде сүт бар, біраз аз.
• Take two eggs and some flour. — 2 жұмыртқа мен аздаған ұн алыңыз.
Белгісіздік есімдігі any сұраулы сөйлемдерде some есімдігінің қызметін атқарады және болымсыз сөйлемдерде қолданалады.
• I have some money – Менде аздаған ақша бар.
• I don’t have any money – Менде мүлдем ақша жоқ.
• Do you have any money?– Сенде аздаған ақша бар ма?
Any кейде болымды сөйлемде қолданылады. Ондай жағдайда оның мағынасы: "кез келген" болады.
• Any person wants to be happy – Кез келген адам бақытты болуды қалайды.
• You may call me any time – Сіз маған кез келген уақытта хабарласа аласыз.
No белгісіздік не болымсыздық есімді кез келген зат есімін байланыса отырып, болымсыздық мағынасында қолданылады:
• There are no mistakes in your dictation – сіздің диктантыңызда ешқандай қате жоқ.
• I have no problems – менде ешқандай мәселе жоқ.