Аббревиатура деген не? Бұл — қысқарған түрдегі сөздер немесе тұтас бір сөйлем. Бүгін ағылшын тілінде хаттарда, мәтіндер мен көшелерде кездесетін қысқарған сөздердің ең танымалдарын топтастырамыз:
1. ASAP – бұл тіркестің толық нұсқасы — "as soon as possible", мағынасы — "мүмкіндігінше жылдамырақ". Дегенмен, бұл тіркесті теру ұзақ уақыт алатындықтан, оны қысқартуға тура келген. Мысалы:
• Give your reply ASAP – мүмкіндігінше жылдам жауап берсеңіз.
• Advise me of any changes ASAP – мүмкіндігінше жылдамырақ өзгеріс туралы хабарлаңыз.
2. RSVP – француз тіліндегі "Répondez s’il vous plaît" сөзінің қысқарған нұсқасы. Аудармасы — "өтінемін, тез жауап беріңізші". Егер сізге құрамында RSVP тіркесі бар сөйлем кездессе, демек сізден дереу жауап талап етіп отырғанын ұмытпаңыз.
•Please RSVP by next Saturday – келесі сенбіге дейін жауап беруіңізді өтінеміз.
3. RIP – rest in peace – "жатқан жерін жайлы болсын". Бұл тіркесті жиі қайғылы, мұңды оқиғалар жаңалықтарының астына жазылған пікірлерден кездестіруге болады.
4. BYOB – бұл тіркесті көбіне кеш ұйымдастыратын жастар қолданады: "Bring your own beer/booze" толық нұсқасының мағынасы — "сыра немесе өзге алкогольді өздеріңмен ала келіңдер". Мысалы, біреу алкогольсіз кеш өткізуі мүмкін, ал, қалайтындар өздерімен бірге әкеледі.
• We are making a party tonight. If you want BYOB – Бүгін бізде кеш. Қаласаңдар өздеріңмен бірге сыра әкеліңдер.
• There will be no alcohol at her birthday, so let’s BYOB — оның туған күн кешінде ішімдік болмайд, сондықтан өзіміз ала барайық.
5. BBQ – мағынасы barbecue – кәуап.
• We’re having a BBQ party, you are invited – Бізде кәуаппен кеш өтеді, сендерді соған шақырамыз.
6. PIN – Personal Identity Number — жеке сәйкестендіру нөмірі немесе ПИН-код.
• Please tell me your PIN number – өзіңіздің ПИН-кодыңызды айтыңызшы, өтінемін.
• Enter your PIN to log in – жүйеге кіру үшін өзіңіздің ПИН-кодыңызды еңгізіңіз.
7. e.g. – exempli gratia —латын тілінен аударғанда — "мысалы".
• Many animals lay eggs, e.g. hens, peacocks, crocodiles, penguins – көптеген жануарлар жұмыртқа басады, мысалы, тауық, тоты, қолтырауын мен пингвиндер.
8. i.e. – id est – латын тілінен енген тағы бір сөз бар. Мағынасы —"яғни". Егер бір нәрсені түсіндіру кезінде, қосымша ақпарат қосу керек болған жағдайда, қыстырма сөз ретінде осы қысқарған сөзді қолданамыз.
• It happened on Halloween, i.e. October 31 – Бұл Хэллоуин кезінде болды, яғни, 31 қазан.
9. etc. – et cetera [it’setrə] – бұл тіркес те мәтіндерде жиі кездеседі. Бұл сөздың мағынасы — "тағы басқа". Тіркесті ақпаратты әрі жалғастырмай, сөйлемді аяқтау кезінде қолданамыз.
• I’ve bought many things at the supermarket – eggs, butter, cheese, sausage, etc. – Мен супермаркеттен көп нәрсе сатып алдым: жұмыртқа, май, ірімшік, шұжық және тағы басқа.
10. ATM – automatic teller machine – бұл банкомат.
• Is there any ATM close by? – жақын маңда банкомат бар ма?