Әлемдегі ең қиын тілдердің қатарына жататын жапон тілін меңгеру үшін ұзақ уақыт тер төгуге тура келеді. Дегенмен, сөздік қорыңызда жапон тілінен енген сөздердің кездеспейтініне қаншалықты сендісіз? Өйткені, ағылшын тілінен деп топшалаған кей сөздердің арғы тегі жапон тілінен. Мысалы, kamikaze [ka-mi-ka-zay] немесе tsunamі [tsu-na-mee].
Әрине, бірден жапон тілінде сөздерді еске түсіру мүмкін емес. Дегенмен, сіз өзіңіз ойлағаннан әлдеқайда көп сөз білесіз. Жапон мәдениетіне көз жүгірте отырып, ойыңызға жауынгерлік өнерінің шеберлері каратистер (karate chop), кимоно (kimono) киген гейшалар (geisha) оралады. Ал, жапон асханасын еске алғанда сушиді (sushi [soo-shee]), мисо-сорпасы (miso soup [mee-so]) мен сакені (sake [sah-kay]) ұмытпауға болмайды.
Жапон асханасын біле бермесеңіз, онда сізге спорт тақырыбы жақын шығар: karate (карате), judo (дзюдо) және ниндзя (ninja).
«Кarate» сөзі ағылшын тіліне 1947 жылы енген. Ол екі буыннан тұрады: "Kara" — бос, "te" — қол. Тікелей аудармасы — "бос қол". Егер сіз карате, дзюдо немесе джиу-джитсу (jiu jitsu [joo-ji-tsu]) секілді спорт түрлерімен айналысатын болсаңыз, онда сіз өзіңіздің жаттықтырушыңызды сенсей (a sensei [sen-say]) деп атайсыз.
Әрине, Жапония тек өздерінің жауынгерлік өнерімен ғана емес, ерекше ұлттық киімдерімен де атақты: жібек маталы әйелдер киімі кимоно деп аталса, белге байланатын бау оби (obi [oh-bee]) деген атаумен белгілі. Одан бөлек, жапон мәдениетінде гейшалардың рөлі жоғары: гейша – әр түрлі өнер түрін меңгерген (би, ән, музыкалық аспаптап, каллиграфия) әйел адам.
Судоку (Sudoku) ойыны жайында естіп көрдіңіз бе? "Sudoku" сөзі — жапон тіліндегі "бір рет қолдануға болатын сандар" тіркесінің қысқартылған нұсқасы.
Ал, достарыңызбен караокеге қаншалықты жиі барасыз? "Караоке" (karaoke) сөзінің түбі жапон тілінен енген: мағынасы — "бос оркестр".
Тілдердің бір-бірімен тығыз байланыста болатыны соншалықты, жапондар да ағылшын тілінен бірнеше сөзді күнделікті өмірде қолданады: Мысалы, bed немесе door. Тек олар ағылшынша дыбысталмайды: [beh-doh] және [doh-ah].Одан бөлек, supermarket сөзі жапон тілінде — suu-paa, department store — de-pa-a-to, word processor — wa-a-pu-ro. Бүгінде кеңінен таралған сөздердің бірі "Pokemon" — "po-ke-to-mon-su-ta" деп дыбысталатын балалар ойыны.
Ал, сіз "жапон" тілінде сөйлейсіз бе?