2029 жылы Жер астероидпен соқтығысуы мүмкін

Апофис астероидының траекториясын (бір дененің немесе нүктенің жылжу жолы) сынға алып көрген ресейлік бір топ зерттеушілер 2029 жылы 13 сәуірде алып дененің 38 мың километрге дейін Жерге жақындай түсетінін айтып, дабыл қағуда. 

"Бұл шынымен де Жерге кесірлі. Өйткені, 16 км/с жылдамдықпен құлайтын астероид жер бетіндегі тіршіліктің бәрін жалмап кетері сөзсіз. Оның жойқын күші мыңдаған атомның жарылуымен тең. Өз кезегінде үлкен мөлшердегі жалын көтерілетін болады" - деп Мәскеу мемлекеттік университетінің зертхана меңгерушісі Михаил Прохоров айта кетті. 

Алда-жалда астероид құлаған жағдайда, ені 50 километр аумақты қамтитын болады. Бұл дегеніміз, Ресей, АҚШ, Атлантикадағы жүздеген қалалардың тас-талқаны шығады деген сөз. Ал егер мұхитқа құлайтын болса, онда диаметрі 8 километрге созылған цунами пайда болады. 

Айта кетсек, ғалымдардың бір тобы Апофистің құлауына көп қалмағандығын тілге тиек етіп, дабыра қылуда. 2029 жылы 38 мың километрден Жерге жанай өтсе, араға жеті жыл салған уақытта жүру бағыты өзгере қалған жағдайда, 2036 жылы 13 сәуірде соқтығысу орын алуы әбден мүмкін. 

сурет:blog.estadao.com.br

Дайындаған: Фараби Бақыт