Жақсылықтар мен естеліктерге толы болған жылды қорытындылап үлгердіңіз бе? Бұл уақытта әр түрлі әлемдік сөздіктер жинағы жылда қолданылған ең атақты сөздердің тізімін шығарады. Өйткені, тіл мәдениет, саясат пен қоғамның өзгерісін анық сипаттайды. Біз сіздерге Оксфорд, Кембридж және Collins сөздіктерінің пайымдауынша, 2018 жылы танымал болған ағылшын тіліндегі сөздер жиынтығын ұсынамыз.
Оксфорд сөздігі:
1. Toxic
Ағылшын тіліндегі toxic сөзінің мағынасы сын есім poisonous сөзіне сәйкес келеді: екеуі де улы деген мағынаны білдіреді. Ал, 2018 жылы toxic сөзі басқаша мағынаға ие болды – «жағымсыз».
2. Cakeism
Бұл британ неологизмін бір-біріне мүлде сәйкес келмейтін екі нұсқаны бір уақытта қолдануға болатынын білдіреді. Сөз you can't have your cake and eat it too деген мәтелден шыққан. Тікелей баламасы – «егер сен бәлішті жеп қойсаң, сенде бәліш қалмайды».
3. Gammon
Gammon — бұл шошқа еті. Бірақ, 2018 жылы бұл сөзді (ағылшындықтар) жасы қырықтан асқан, әлеуметтік жағдайы орташа, өздерінің саяси көзқарастарын сөз еткенде қызарып, шабыттанып кететін ер адамдарды атаған.
4. Gaslighting
Психологиялық манипуляцияның бір түрі. Адам өзінің психикалық саулығына күмәнмен қарай бастады. Термин 1938 жылы жарық көрген Патрика Гамильтонның Gas Light (Газ жарығы) деп аталатын пьесасынан шыққан. 1944 жылы бұл пьеса бойынша фильм түсіріледі. Жары әйелін жалғыздықта жиі қалдырып кетеді, жалғыздықтан жабыққан әйелге алыстан көрінетін газ жарығы мен қадамдар оның есінен адаса бастағанын дәлелдейтіндей. Ал, шындығында мұның бәрін ұйымдастырып жүрген өзінің күйеуі болатын.
5. Orbiting
Бұл әлеуметтік желіден келген және бәріміздің айналамызда жақсы кездеседі. Бұл бір-біріне хабарлама жазып, хат алыспағанмен, әлеуметтік желіде оны ылғи бақылауда ұстайтын адамдның әрекеті.
Бұл терминді алғаш рет Man Repeller журналында жарық көрген мақалада Анна Иовин өзінің ер адаммен ара-қатынасын сипаттау барысында қолданады. Анна өзінің әріптесінен to keep you in their orbit деген поэтикалық тіркесті естиді. Мағынасы «өз жанында ұстау» болса, тікелей аудармасы – «орбита бойынша қозғалу». Бұл тіркестің авторға ұнағаны соншалықты, orbiting терминін қолданысқа енгізді.
6. Overtourism
Бұл сөз сәулет өнерін құртып, ескерткіштерге зиянын тигізетін, жергілікті тұрғындардың мазасын алатын туристердің сипаттамасы. Лоукостер (арзан авиатасымалдау) мен туристерге арналған Airbnb секілді тұрғын үйлерді жалға беретін платформалардың артуы туристердің көбеюіне алып келді.
Бұнымен бірге қосымша екі термин де қолданысқа енді: anti-tourism (антитуризм) және tourism-phobia (туризм фобиясы). 2018 жылы әр түрлі елдердің билігі бұл құбылыспен жан-жақты күрес жүргізе бастады. Мадридте тұрғын үйді жалға беруге шектеу қойса, Венецияда рұқсат етілмеген аймақта отырғаны үшін айыппұл салынды. Одан бөлек, «Тақтар ойыны» түсірілген Дубровникке бағытталған рейстер қысқартылды.
7. Techlash
Ағылшын тіліндегі неологизм techlash екі сөздің: technology (технология) және backlash (бір топтың қарсы пікірі) бірігуінен туындаған. Термин технологиялық компаниялардың артуына өзіндік қарсылығын білдіретін адамдардың реакциясын білдіреді. Мысалы, Сан-Францискода технология саласында жұмыс істейтін көптеген адам өз балаларына гаджеттерді қолдануға тыйым салып, қағаз кітаптарды оқуды міндеттейді. Ал, жастар арасында әлеуметтік желіні қолдануға өздеріне тыйым салатындар бар.
Collins сөздігі:
1. Single-use
Collins жылдың сөзі ретінде single-use таңдады. Мағынасы — бірреттік. Бұл сөз экологиялық мәселелерді сипаттау барысында жиі қолданады: қоқыстың артуы, пластикалық ыдыстардың қайта өңдемеуі, табиғат аясында қолданатын бірреттік пластикалық ыдыстардың артуы осының бәрі жаһандық мәселе болып отырғаны жалған емес.
2. Plogging
Экология тақырыбын жалғастырамыз: Бұл сөз – plogging таңғы жаттығу жасап жүріп, айналасындағы қоқысты жинуды білдіреді. Өздің шығу тегін ылайша түсіндіреді: скандинавиялық plocka upp сөз тіркесі (to pick up — жинау, көтеру) мен jogging (жүгіру) сөздерінің қосындысынан туған.
3. Floss
Fortnite видео ойыны арқылы флосс биі өте танымал болғаны анық. Қимылдары өте жеңіл болғаны үшін, блогерлер, шоумендер бұл бидің әр түрлі нұсқаларын ұсына бастады.
Кембридж сөздігі:
1. Nomophobia
Бұл сөз телефонсыз қалу немесе оны жоғалтып алудан қорқу дегенді білдіреді. Nomophobia сөзі no-mobile-phone-phobia сөздерінің өзара бірігуінен пайда болған. Статистика бойынша, 53% ағылшындық телефоны қолында болмаса, қорқыныш сезімін сезінетіндігін жеткізген.
2. Ecocide
Бұл сөз де экологиямен тығыз байланысты. Мағынасы эклогияға айтарлықтай зиянын тигізу, оны құрту және сыйластық білдірмеу дегенді білдіреді.. Ecocide сөзі ecology (экология) мен genocide (геноцид) сөздерінің кірігуі арқылы жасалған, яғни, «кологияға жасалған қылмыс» мағнасына ие.