Массагет сайты мектеп түлектеріне көмек көрсету мақсатымен 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ҚР ЖОО-лары мен мамандықтарға бөлінген мемлекеттік грант санын ұсынады. Тізімді мына жақтан жүктеп алып, көре аласыздар.
Айта кетсек, өз кезегінде, білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа қатысу өтініштері ағымдағы жылдың 23-31 шілде аралығында қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті минималды балл 50 балл болса, ұлттық жоғары оқу орындарына түсуге кемінде 70 балл қажет. «Жалпы медицина» мамандықтарына - 55 балл оның ішінде бейінді пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл.
Сонымен қатар, білім беру гранттарын тағайындау конкурсын өткізу барысында жоғары оқу орындарына оқуға қабылдауда төмендегі азаматтар категориялары бойынша белгіленген квота есепке алынады:
* Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтар үшін – 30%;
* І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар тобындағы мүгедек азаматтар үшін – 1%;
* Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%;
* Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 2 %;
* Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар – 1 %.
Білім гранты иегерлерінің жалпы тізімі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» баспа беттерінде жарияланатын болады.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: admorlov.ru