Көптеген түлектер мен олардың ата-аналарын мынадай сұрақ мазалайды: 2012 жылы грантқа түсу балы қаншалықты өзгермек? Себебі биыл ҰБТ-ның орта балл көрсеткіші Қазақстан бойынша күрт төмендеп кетті. Көптеген түлектер минималды өту балын ала алмады және грант тағайындау конкурсына қатыса алмайды, тіпті биылғы "Алтын белгі" медаліне үміткерлердің де жартысы білімдерін дәлелдемеді. Сонымен, бұл нені білдіреді?
ҰБТ - 2012-ның мұндай нәтижелері грантқа өту балдарының да күрт төмендейтінін білдіреді. Алайда қаншалықты төмендейтіні ешкімге белгісіз, себебі Қазақстанда білім гранттары конкурс қорытындысы бойынша тағайындалады.
Минималды өту балын Білім және ғылым министрлігі белгілейді. Ол университетке түсуге қажетті минималды балл санын анықтайды.
Грантқа өту балы гранттар конкурсы нәтижесі бойынша анықталады. Ол ешкіммен белгіленбейді, оған тек мамандық бойынша конкурсқа қатысатын талапкерлер саны, талапкерлердің орташа балы және бөлінген гранттар саны ғана әсер етеді.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы ҰБТ нәтижелері тым жоғары болғандықтан, грантқа түсу балдарының да жоғарылуына алып келді. Нәтижесінде маусым айында 90+ балға қуанып жүргендер, тамыз айында грантқа түсе алмады.
Бұл жылы Білім және ғылым министрлігі тестілеуді қатаң өткізгендіктен, барлық түлектердің тек 64 пайызы яғни 74 мың түлек ғана ҰБТ-дан өту балдарын ала алды. Сонымен қатар 2012 жылы бакалавриатқа бөлінген гранттар саны сол күйі қалды - 33 000 яғни биыл 1 грантқа бар болғаны екі-ақ талапкер үмітті.
Сондай-ақ, биыл ҰБТ-ның орташа балы да төмендейтіні белгілі (салыстырмалы түрде). Орташа балдың төмендеуі сондай-ақ гранқа түсу балдарының төмендеуін білдіреді. Яғни ағымдағы жылы гранқа түсу балдарын шамамен білу үшін 2011 жылғы грант нәижелерінен 5-10 балл кеміту қажет.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиев
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/lOqkiQU8gnk?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"300"});
Ақпарат көзі: PM.kz
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: faqjournal.ru