- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- 16 жасар мектеп...
16 жасар мектеп оқушысы Ньютон шеше алмаған есептің жауабын тапты
Германияда оқитын Үндістандық 16 жасар мектеп оқушысы Шоурийя Рэй динамика теориясы бойынша 350 жыл бойы адамзат баласы шеше алмаған есептің жауабын тапты. Бұл есептің шешімін өз заманында Исаак Ньютон да таба алмаған еді, - деп хабарлайды The Local басылымы.
Рэйдің жауаптарын тексерген ғалымдардың айтуынша, оның бөліктер динамикасы төңірегіндегі шешімі болашақта классикалық механика бойынша оқулыққа енгізілмек. Сондай-ақ бұл шешімнің ғалымдар бас қатырып жүрген біраз мәселенің басын ашқан түрі бар.
"Өзім де бұны шешетініме сенімді болған жоқпын. Жай ғана қызығушылықпен шешіп көрейін деген едім" - деді жас ғалым журналистерге берген сұхбатында.
Суретте: Шоурийя Рэй (myyouthclub.com сайтынан алынды)
М. Оңғарова