Келер ұпақтың жағдайын жасау сан ғасырдан бері маңызды боп келеді. Мұндағы ең маңызды құрал – білім. Әлеуметтік-гуманитарлық саладағы жетекші 100 оқулықты қазақшаға аудару жобасы – бәсекеге қабілетті және прагматизм рухында тәрбиеленген қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастырудағы ең дұрыс қадам.
«100 жаңа оқулық» жобасы гуманитар бағытында білім беруде студенттерге мемлекеттік тілде әрі әлемдік стандарттарға сай оқыту жағдайын жасауды мақсат тұтады.
Бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында 2017 жылы мемлекеттік емес және коммерциялық емес «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры ашылды. Бүгінгі таңда бұл қорда 300-ден астам нағыз шебер мамандар жұмыс істейді. Оның ішінде ғалымдар, ЖОО оқытушылары, әдебиетшілер мен баспагерлер де бар. Әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен, баспа үйлерімен тығыз қарым-қатынас орната отырып жұмыс істейді.
2017-2019 жылдар аралығында 77 оқулық қазақ тіліне тәржімаланды. Маркетинг, Экономика, Педагогика, Психология, Дінтану бағытында түрлі оқулық қазақша сөйледі.
Өткен жылы бұл қатарға тағы 23 оқулық қосылды. Олар баспа бетін көріп, ЖОО-ларға таратылып та үлгерді. Әр оқулықтың негізінде қазақ және орыс тілдерінде жасалған 50 видео дәріс те бар. Оны қазақша білім беретін сайттардан, порталдардан оңай табуға болады. Мұндай порталдардың көрсеткішіне сүйенсек, еліміздің 128 ЖОО және 147 колледжінен 107 мың қолданушы тіркелген.
Жоғары оқу орныдарында білім беру сапасын арттыру, оның әлемдік стандарттар бойынша жаңалау істері тексерістен өтті. Барлық оқу орны жаңа жұмыс бағдарламасын даярлап, жаңа оқулықтар бойынша өзгеше әдістер енгізіп, білім беру ісін осы негізде жалғастырып жатыр.
Студенттердің, Қазақстанның болашағын қолға алатын жас мамандардың барынша білікті маманға айналып шығуы үшін барлық шара жасалып жатыр. Оқытушылардың өзіне арналған жеке курстар бар.