Уақытты адам тоқтата алмайды. Әр секунд уақыттың еншісінде. Өмір бойы қалаған тілек-армандардың үдесінен шығу үшін тыңбай еңбек ету керек. Ол үшін қазіргі сәттен бастап өміріңізге үлкен өзгерістер еңгізіңіз. Мәселен, Австралиядағы Аделаид университетінің ғалымдары түнгі уақытта жұмыс істеудің тиімді екенін анықтап отыр.
Ғалымдардың анықтауы бойынша, түн мезгілі келгенде адам миының белсенді жұмыс істеуі арта түсетін көрінеді. Себебі, күні бойы жинақталған ақпараттар асқазанның тілімен айтқанда қорытылады екен. Әрине, бұған бірінші кезекте сіздің жадыңыздың да қатысы бар. Сананы санға, ойды онға бөліп жүрген ақпараттарды жинай алмасаңыз, онда демалу керек болатынын ескеріңіз.
Бұдан бұрын ғалымдар таңғы уақытта жұмыс істеудің тиімді екенін алға тартып келген болатын. Ендігі кезекте түнгі уақыттың әлдеқайда пайдалы екені анықталып отыр. Жалғыз ғана себеп, таң азанмен ұйқыдан тұрған адамның ми жұмысы әлсін-әлі жұмыс істеп тұрады.
Содан кейін ғалымдар ұлы тыныштықта жұмыс істеу керектігін ескертеді. Бұған тиісінше шудың ішінде ғана жұмыс істей алатын адамдар уәж айтуы мүмкін... Енді кімнің қолайына қалай жақса, солай емес пе?!
Сурет:www.samoeinteresnoe.com
Дайындаған: Фараби Бақыт