Фридрих Ницшенің билікке құштарлық теориясын екі бөлікке бөліп қарастырсақ болады. Біріншіден, Ницше ағын, қозғалыс жағдайында болады, сондықтанда білімнің, ақиқаттың мәні үнемі өзгеріп отырады. Ал бұл өзгерістердің негізін билікке құштарлық құрайды және ғалам осы тәріздес тілектерден тұрады деп пайымдайды. Екіншіден, билікке құштарлық билік етуге деген жеке, іргелі ұмтылыс. Ол үстемдікте және тәуелсіздікте көрініс табады. Билікке деген құштарлық кейде зорлық көрсету мен физикалық басымдық түрінде де көрінуі мүмкін. Дегенмен оны ішімізге қарай бұрсақ, адам өз-өзін басқаруға ұмтылатын болады.
Билікке құштарлық – дүниедегі бүкіл бар нәрсенің және болуға тиістінің бастауы. Әлсіз адамдар, тобыр мүшелері – өмірді танып-білуге қабілетсіз. Олар өздерінің одан әрі қарай да, қаша беруіне мүмкіндік жасайтын моральдық қағидаларды қалыптастырады. Бұдан басқа, мораль оларға билікті өз уыстарынан шығармауға мүмкіндік береді. Олар аяушылық, ынтымақтастық және т.б. идеалдарды ұстанған кезде өз әлсіздіктерін дәріптейді және «ләззатқұмарлық, билікқұмарлық және өзімшілдік» заңдарына сәйкес өмір сүруге қабілетсіз. Олар күштілерде ғана бар. Әлсіз адамдар қатыгездікке батылы барғандардан зардап шегеді. Сондықтан, олар бекзат та күшті адамдарды түрлі тыйымдардың көмегімен бұғаулауға тырысады. Егер әлсіздер өздерін жоғарыда тұрғандардың деңгейіне дейін сүйреуге күші жетпесе, онда олар, ең кем дегенде, соңғыларды өздерімен бірдей деңгейге түсіруі мүмкін. Олардың бойы өшпенділікке – қарапайым пенделердің бекзат адамдарға деген өшпенділігіне толы. Күштілердің қабілеттері қарапайымдардың әлсіздігін ашып көрсетеді, сондықтан олар күштілерді жаншып, масқаралауға ұмтылады. Коммунизм қаупі пайда болғанда, фашизм ұсақ буржуазияның арасында оған деген жеккөрініштілікті оятуға барын салды. Ницшенің айтуынша, күшті жан өшпенділікті білмейді. Ол өзінің билікке құштарлығын ашық жариялайды және осы қадамын мақтан тұтады.
Бүкіл құндылықтарды қайта бағалау мен билікке құштарлық міндетті түрде «құндылықтарды қайта бағалауға» әкеледі: қолданыстағы моральдық қағидалар терістеліп, тазартылады және қоғамда құндылықтардың жаңа жүйесі қалыптасады. Әлсіздер өз қулықсұмдықтары арқылы ғасырлар бойы тыйым салғанның бәрі енді асқақтатылып, ардақталады. Тіпті, біздің әрқайсысымыз «сен жасауға тиіссің» десек, әрбіріміз «мен жасаймын» деуіміз қажет. Ницшенің қаһарманы – өзін басқалардан өз күшінің көмегімен жоғары көтеретін адам. Ол өзінің басымдығы үшін кешірім сұраудан бас тартады; бірақ оны өмірде батыл көрсетеді. Ізгі қасиеттер аусар, қатыгез және қатаң қасиеттерге айналады. Оның ілімінің бұл қырын 1930 жылдардағы фашистік ұйымдар жоғары бағалады.
Дереккөз: Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін
Дерек Джонстон