Қазақ тілі пәнінен онлайн тест

Қазақ тілі пәні бойынша онлайн ҰБТ сұрақтарына жауап беру арқылы өз біліктілігіңізді сынап көре аласыз.

// =10 && g=15 && g=25 && g 1.Барыс септік жалғауын көрсетіңіз.:
A) -ды, -ді.
B) -нан, -нен.
C) -мен, -бен.
D) -ның, -нің.
E) -ға, -ге.


2.Құрмаластардың ішінен шартты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз:
А) Ет жиналысымен, шай да келді.
В) Емтихан тапсырдық та, қайттық.
С) Таныс болмағандықтан, жақсы сөйлесе алмадық.
D) Сен келмейінше, мен кетпеймін.
Е) Үзіліс болған соң, далада ойнады.


3. Көптік мағына беріп тұрған жалғауды табыңыз.
А) Ауылдың маңы - терең сай.
В) Тәуелсіздік біздің арманымыз еді.
С) Үй жиhаздарын жинау.
D) Білімдіден шыққан сөз.
Е) Отаным - бақыт ордасы.


4. Сенің ойың орындалатын шығар? Сұраулық мағынаны туғызушы сөз табын табыңыз.
А) Етіс.
В) Зат есім, етістік.
С) Есімдік.
D) Көсемше.
Е) Көмекші етістік.


5. Диалект сөздерді көрсетіңіз.
А) Оның, соған,тасбиық.
В) Бөз, боз.
С) Көпшік, дарбаза.
D) Орман, тоғай.
Е) Қара, ат.


6. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.
А) Дәрежесі үлкейген екен.
В) Олар үйін үлкейтіп салуда.
С) Атамның жасы үлкейді.
D) Бекболаттың көзі үлкейіп барады.
Е) Қарны үлкейді, қампиды.


7. Омонимді белгілеңіз: "Ол сенен он жас үлкен".
А) сенен
В) үлкен
С) он
D) ол
Е) жас


8. «Арқанның ... жақсы, әңгіменің ... жақсы» мақалына сай келетін антонимдік жұпты табыңыз
А) алыс – жақын
В) қатты – жұмсақ
С) ұзыны – қысқасы
D) көп – аз
Е) сулы – құрғақ


9. Барыс септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз. "Асқар көршісіне тез келуді ескертті"
А) тез
В) көршісіне
С) келуді
А) Асқар
Е) ескертті


10. Еш сөзі қай сөзбен бірге жазылады?
А) еш (бір)
В) еш (бала)
С) еш (адам)
D) еш (мектеп)
Е) еш (жерде)


11. Мезгіл үстеуі бар қатарды көрсетіңіз: "Әкем қаладан кеше автобуспен шықты"
А) шықты
В) әкем
С) қаладан
D) автобуспен
Е) кеше


12. Қазақ тілінде қанша септік бар
А) Алты септік
В) Сегіз септік
С) Бес септік
D) Жеті септік
Е) Тоғыз сетік


13. Болымды етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз
А) ол өтірік атйқан емес
В) досын көрмеді
С) кітапты әкелген жоқ
D) айтқан уақытында келген жоқ
Е) кітабын әкеліп берді


14. Нақ осы шақты білдіретін сөйлемді табыңыз
А) Соны білгесін Орта жүз жақсылары салмақтана түсті
В) Қояндыға қарай жүріп кетті
С) Үкімет үйінің үстінде Республиканың туы желбіреп тұр
D) Кер құнанды Жексенбі атасынан сұрап мінді
Е) Кеше Тұрар жатаған торы биемен жолға шықты


15. «Ма, ме, ба, бе, па, пе» қай жерде сұраулық шылау
А) Айта көр(ме) бұл сөзіңді батыр
В) Әркімді бір келемеждеп, мұқат(па)
С) Ғылым таппай мақтан(ба)
D) Ерте(ме), кеш(пе), пайдаға(ма), зиянға(ма), сен барыңды
Е) Ешкімге жауыздық қыл(ма)


16. Дара етістікті көрсетіңіз
А) су жылжып ағып жатыр
В) Марат ерте тұрып кетті
С) Асқар бүгін не ертең келеді
D) балалар ойнап жүр
Е) олар бір-бірімен әңгімелесіп отыр


17. Мақалды көрсетіңіз
А) Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат
В) Далада жаңбыр жауып тұр
С) Ол дос жүрегіне сенеді
D) Енді сізге айтуға тура келді
Е) Едіге ұзақ жол жүрді


18. «Салмақты» сөзінің синонимін табыңыз
А) зерек
В) ұғымтал
С) сабырлы
D) ажарлы
Е) қабілетті


19. Көп мағыналы сөз тіркесін көрсетіңіз
А) ән айту
В) қоңыр күз
С) Арал теңізі
D) иненің көзі
Е) білімді адам


20. Омонимі бар сөйлемді ажыратыңыз :
А) Сонау бетте сиыр жайылып жүр
В) Асан жұмыс басына кетті
С) Кітаптың бетіне үңілді
D) Сен маған өкпе айтпа
Е) Оқуды басынан бастап жақсы оқу керек


21. Етістіктің бұрынғы өткен шақ формасы қай сөйлемде қолданылған?
А) Сен мектепті бітірерсің
В) Сен мектепті бітіргенсің
С) Сен мектепті бітірдің
D) Сен мектепті бітіретін едің
Е) Сен мектепті бітіресің


22. Етістіктің шартты рай түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз
А) көрінеді екен
В) көрінсек дейміз
С) көрінетін шығар
D) көрініпті
Е) көрібек екен


23. "Ол ... ете қалған дыбысқа жалт қарады". Көп нүктенің орнына берілген дыбыстық еліктеуіштердің тиістісін қойыңыз
А) жалп-жалп
В) ербең-ербең
С) тарс-тұрс
D) селк-селк
Е) жалт-жұлт


24. Қыстырма сөзі қатысқан қатарда белгілеңіз: "Менің ойымша, ол түстен кейін келеді"
А) түстен
В) менің ойыша
С) ол
D) кейін
Е) келеді


25. Мезгіл үстеулі сөйлемді табыңыз
А) базарлы елдің сырын біледі
В) мен қайтадан бастап оқыдым
С) ол бүгін келді
D) Абай телеграмманы ақырын оқыды
Е) күн шайдай ашық болды


26. Қыстырма сөзді табыңыз
А) мүмкін
В) сіз
С) балам
D) өзіңіз
Е) барлығы


27. Нақ осы шақта тұрған сөйлемді көрсетіңіз
А) Ол сабағын кешке оқыды
В) Ағаш бұл жерде күтсе ғана өседі
С) Мен бұл кітапты оқыдым
D) Мен жауап беріп тұрмын
Е) Ол ылғи ерте тұрады


28. Үстеуді табыңыз
А) Тастан түлкі табылар аңдығанға
В) Ғылым таппай мақтанба
С) Жылдам хабар алғызды
D) Қарлығаш шыр-шыр етеді
Е) Еділ үшін егестік


29. Жіктік жалғауы ІІІ жағындағы сөзді тап
А) Мен үйге келдім
В) Ерте келеді
С) Ол он жас үлкен
D) Көп мағынаға ие болған
Е) Сөйлем мүшелерін белгіле


30. Сын есімді көрсетіңіз
А) Отан үшін отқа түс
В) Бірінші байлық - денсаулық
С) жүгіруге болмайды
D) жасыл жайлауға шықтық
Е) биыл мен он үштемін


Форманы тазарту

 

Тестті дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: qazaqtili.wordpress.com