Ағылшын және қытай тілінен кейін танымал тілдердің бірі — испан тілі. Бүгін испан тілін үйренуді қолға алған жандарға арналған қосымша ресурстарды ұсынбақпыз.
Learn Spanish with Rodrigo⠀
Бұл сайттағы "Spanish lessons" айдарына тілді жаңадан үйреніп бастағандарға және бұрыннан үйреніп жүргендер тегін видео сабақтар жүктелген. Барлық видео Youtube арнасынан алынған.
Spanish podcast⠀
Бұл сайттан испан тілінде подкасттард тіркелусіз және тегін тыңдауға болады.
Notes in Spanish⠀
Тіркеуде қажет етпейтін және аудио тыңдауға арналған тағы бір сайт. Ерекшелігі бұл жерде аудио деңгей бойынша бөлінген. Сабақ ағылшын тілінде өтеді.
Portal de Espanol
Бұл сайтты Мәскеудегі атақты профессорлар, соның ішінде испан тілі бойынша оқулық авторы Георгий Нуждин құрастырған. Оның грамматика бойынша мақалалары Punto y coma журналында жарық көрген. Портал испан тілін үйренуді енді қолға алғандарға арналған.⠀
Entre Amigos
Бұл сайтта испан тілі бойынша ережелер жинақталған.⠀
Испан тілін білетін, бірақ тыңдалым бойынша жұмыс істеуді көздейтіндер үшін мына сайттарды ұсынамыз:⠀
– BBC News испан тілінде;⠀
– TVE телерарнасы;⠀
– Испании Cuatro ойын-сауық телеарнасы;⠀
– RTVA телеарнасы және радиостанциясы.⠀