Болашақ бағдарламасы арқылы жыл сайын еліміздің талантты жастары шетелде оқуға мүмкіндік алады. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы арқылы құрылған. Біз "болашақ бағдарламасына қалай тапсыруға болады", "іріктеу қалай өтеді", "степендия иегері кім болады" деген сұрақтар төңірегінде ізденіп көрдік.
"Болашақ" бағдарламасына үміткерлер 4 мамыр-28 қазан аралығында құжат тапсыра алады. Биыл осы бағдарлама бойынша үміткерлер 73 мамандыққа оқуға тапсыруға болады.
Биыл биотехнологтарға, биологтарға, вакцинология саласындағы мамандарға көп көңіл бөлініп жатыр. "Инновациялар және жаңа технологиялар" бөлімі, Вирусология", "Робототехника", креативті экономикаға байланысты мамандықтарға көп көңіл бөлінген.
2021 жылы 1055 стипендия бөлінген. Оның ішінде:
– 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура бойынша;
– 500 стипендия тағылымдама бойынша;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын кім алады?
Бұл бағдарламаға магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға, тағылымдамадан өтуге үміттенетін Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады.
Бұрын белгілі бір себептермен степияндияның иегері бола тұрып, оны пайдаланбаған адамдар, әкімші алдында қарызы болмаса қайтадан тапсыра алады.
"Болашақ" бағдарламасы бойынша түсу тәртібі
I кезең. Түсу үшін санаттарды анықтау
II-кезең. Қажетті құжаттарды дайындау
"Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға түскісі келетіндер қажетті құжаттарды мына сілтеме арқылы тапсыра алады.
1-қадам Талаптарға сәйкес келу
2-қадам Қажетті құжаттарды жинақтау
3-қадам Көрсетілген мерзімде Электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды тапсыру
4-қадам 3 турдан тұратын конкурстық іріктеуден өту:
1-тур – Кешенді тестілеу;
2-тур – ТСК мүшелерімен дербес әңгімелесу; (биыл әңгімелесу онлайн түрде өтеді)
3-тур – Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы
5-қадам Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімді қабылдағаннан кейін, стипендиат не оған сенімді тұлға стипендия тағайындалған күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Заң қызметі департаментіне жүгініп, Орталықпен оқуды ұйымдастыру туралы шартты және кепіл шартын жасасуы қажет. Шарттарды мерзімінде жасамаған жағдайда, стипендиат "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері мәртебесінен айырылады.