Ағылшын тілінде ризашылық білдіру үшін "Thank you" сөзімен ғана шектелуге болады. Дегенмен барлық тіл сияқты шын жүректен алғыс айту сынды ұғымдар бар. Бүгін алғыс айтудың бірнеше нұсқасын ұсынамыз.
Күнделікті өмірде ағылшын тілінде қалай алғыс айтамыз?
Күнделікті өмірде рақмет айту үшін бәрімізге белгілі мына сөздерді қолданамыз:
Thank you \ Thanks. — Рақмет
Thank you және thanks сөздерінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Мағыналары бір. Тек ресми жағдайда thanks сөзін қолдана бермейді.
Thank you very much. — Үлкен рақмет
Thanks a lot. — Көп-көп рақмет.
Thank you so much. — Үлкен рақмет
Бұл үш нұсқада бір-бірінен қатты ерекшелене бермейді. Аталған тіркестерді ресми жағдайларда да қолдануға болады. Америка Құрама штаттарында рақмет сөзінен кейін "I appreciate it" (бағалаймын) тіркесін қосады. Мысалы:
— Thanks, I appreciate it.
— Thanks a lot for you help, I appreciate it.
Бұл тіркесті себепті-себепсіз қолдануға болады. Оны жақын досыңыздан да, таныс емес адамнан да ести аласыз. Бұл жай ғана сөзге күшейткіш мән береді.
Cheers. — Рақмет
Cheers сөзін бейресми жағдайларда қолданады. Іскерлік келіссөздерде, бастықтармен чатта қолдануға болмайды.
— Here’s that book you wanted to borrow. — Міне, сен сұраған кітап.
— Oh, cheers! — О, рақмет!
You saved my life. — Менің өмірімді сақтап қалдың.
I owe you one \ I owe you big time. — Саған қарыздармын.
You saved my life — тура мағынасында "Өмірін сақтап қалу" дегенді білдірсе де, "Көмектескенің үшін рақмет" деп ауыспалы мағынада қолданылады. Ал I owe you one немесе I owe you big time — "Саған қарыздармын" деген мағынаны білдіреді..
You shouldn't (have) — керек емес еді немесе неге әуре болдың?
"Рақмет, неге әуре болдың?" — бұл тіркесті көбіне сыйлық алғаннан кейін айтамыз. Әсіресе күтпеген жерден қымбат сыйлық берген жағдайда осылай айтып жатамыз.
You shouldn't (have) тіркесін басқаша "You shouldn’t have done it!" және "You shouldn’t have presented this to me!" деп толықтырып айтуға болады
2. "Оқасы жоқ" тіркесін ағылшын тілінде қалай айтамыз?
Алғыс білдіргеннен кейін айтылатын сөз — оқасы жоқ. Оны ағылшын тілінде You’re welcome сөзі арқылы айтады. Бұл мархабат дегенді білдіреді. Басқаша:
Welcome. — Мархабат.
Always welcome. — Әркез дайынмын.
Одан бөлек мына сөздерд де қолдана аласыз.:
That’s all right. — Оқасы жоқ.
Don’t mention it. — Оқасы жоқ.
It’s nothing. — Ештеңе етпейді, оқасы жоқ.
No problem. — Мәселе емес.
3. Белгілі бір әрекет үшін қалай алғыс білдіреміз?
Кейде рақмет айтқан кезде, оның не мақсатта және не себепті айтылғанын көрсетіп кету керек. Оның екі әдісі бар.
Thank you for + зат есім (жиі your есімдігі арқылы).
Thank you for + етістікке -ing жалғау арқылы
Зат есім жалғау арқылы:
Thanks for your help! — Көмегің үшін рақмет!
Thank you for your support. — Қолдауың үшін рақмет!.
Thank you for your assistance. — Көмегің үшін рақмет!.
Thank you for your understanding. — Түсіністік танытқаның үшін рақмет!.
Thank you for the information. — Ақпарат үшін рақмет.
Етістіктер арқылы:
Thank you for visiting us. — Келгенің үшін рақмет!.
Thanks for helping me. — Көмек көрсеткенің үшін рақмет!.
Thank you for shopping. — Сатып алғаныңыз үшін рақмет!.
Алғыс білдірудің ресми нұсқалары:
Ағылшын тілінде ресми нұсқада алғыс білдіру нұсқалары жеткілікті. Оларды іс-шараларда, ресми мерекелерде қолданады. Алғыс білдірудің ресми нұсқаларын іскерлік хаттарда қолдануға болады.
Thank you for contacting us. — бізбен байланысқаңызға рақмет.
Thank you for your attention to this matter. — Аталған сұраққа назар аударғаныңызға рақмет.
Thank you for your prompt reply. — Тез жауап бергеніңіз үшін рақмет.
Many thanks for your email. — Хат жолдағаныңыз үшін рақмет!
I am very grateful to you. — Алғысым шексіз.
I am eternally grateful for your trust. — Сенім білдіргеніңіз үшін рақмет.
I’d like to express my sincere gratitude for… — Мен … ісіңіз үшін алғысымды білдірсем деп едім
I am very much obliged to you. — Алғысым шексіз.
I greatly appreciate your kind words. — Жақсы сөздеріңіз үшін алғысым шексіз.
I am very thankful for your kind help. — Көмек көрсеткеніңіз үшін үлкен рақмет