Ыстық ұя / Полный дом (Full house /풀하우스)



Аты: Ыстық ұя / Полный дом / Full house /풀하우스
Мемлекет: Оңтүстік Корея
Жанр: мелодрама, комедия
Сериялар саны: 16
Телеканал: KBS2
Жыл: 2004
Режиссёр: Пхё Мин Су
Сценарист: Мин Хе Чжон

Сипаттама:
15 жыл білетін екі жақын досыңыз сіздің Шанхайға билет ұтып алғаныңыз жайлы хабар әкелсе ұзақ ойланасыз ба? Әрі бірінші классты ұшақта, бес жұлдызды қонақ үйге баратындығыңызды айтса? Хан Чжи Ын әлбетте көп ойланбастан тартып тұрады. Неге ойлансын, Дон Уктың әжесі көзі тірісінде оны әлпештеп өсірді, ата-анасының өлімін бірге көтерді. Алдауы мүмкін бе?
Бір бағытқа ғана ұшаққа билетті ризашылықпен қабылдап, достарына үйді қарауға өтінішін тастап, Чжи Ын өмірінде бірінші рет саяхатқа аттанады. Барлық шытырман осымен басталады. Алғашында ұшақтағы көршісі танымал әртіс - Ли Ён Чжэ болып шығады, ал кейін Шанхайда оны ешкім де күтіп тұрмағанын біледі, тіпті бес жұлдыз қонақ үйде ешкім де орын дайындамаған екен. Қайда барады? Бөлме алуға ақшасы жоқ, билет алуға да көк тиынсыз. Бірақ қол қусырып отыра беруге бола ма, ұшақта Ён Чжэнің бүлінген көйлегін сылтауратып, қалайда ақша алу операциясы басталады. Біраз фантазия және ақылын қосып, Чжи Ын Кореяға оралады...

Басты рөлдерде:
[b:3roy5e42]Пи (Рейн)[/b:3roy5e42] - Ли Ён Чжэ
[b:3roy5e42]Сон Хе Гё[/b:3roy5e42] - Хан Чжи Ын
Хан Ын Чжон - Кан Хе Вон
Ким Сон Су- Ю Мин Хёк

Трейлер:
[youtube:3roy5e42]http://www.youtube.com/watch?v=vLuUN41isLg&[/youtube:3roy5e42]

ең жақсы көретін сериалым ғой))) Сосын, Мистер Гудбай))))
ең жақсы көретін сериалым ғой))) Сосын, Мистер Гудбай))))

хехе Еларна жаңадан көрсете бастаған корей дорамдары ғо бұлар :D
менде осы Ыстық ұямен отырып едім, сосын Мистер Гудбай, сосын кетті ғо... :lol: