Қазақстанда жасалған автокөліктер сапалы ма?

Қазақстанда әлі автокөлік өндіріс жоғары деңгейде дами қойған жоқ, бірақ кешенді түрде шығарылады, яғни әрбір бөліктерін әр елден импорттайды.
Автокөлік. Қазақстанда жасалған Ssang Yong (суретте) көліктерінің бірінші легі 2010 жылдың қазан айында нарыққа шығарылды. Ssang Yong маркалы жолсызбен жүре алатын автокөліктер құрастыру жобасы Allur Auto қазақстандық автомобиль компаниялары тобы және оңтүстіккореялық автокөлік шығарушы SsangYong Motors компаниясы мен Қостанай қаласындағы «Агромашхолдинг Қазақстан» акционерлік қоғамының өнеркәсіп базасында іске асырылды. Жобаға тартылған инвестиция мөлшері 16 мил-лион АҚШ долларын құрайды.
NIVA Халықаралық автосалонындағы қазақстандық 22-25 қазанында «Нивасының» алғашқы беташары. «Автошоу» салоны Алматы қаласында бірінші рет өтіп тұрған емес және ірі автофорумы болып табылады. Бұқара халыққа бірінші рет «АЗИЯ АВТО» зауытында құрастырылған «Нива» ВАЗ 21213 автомобилі ұсынылды. «АЗИЯ АВТО» экспозициясын «внедорожниктің» іргелі және тюнингті моделі құрады. «АЗИЯ АВТО» ЖАҚ өзіндік жобасымен ерекшеленетін өнімімен «АЗИЯ АВТО» зауыты - гран-приді және «Қазақстан аймағында жеңіл автомобильдерді құрастыру бойынша алғашқы зауытты құрушы» - атағын жеңіп алды. Қазақстан «Нивасының» және «АЗИЯ АВТО» автоқұрастыру зауытының презентациясы көрме катысушыларының арасында үлкен қызығушылықпен шынайы қызу талқылауды туғызды.