ХХ ғасыр батыс философиясындағы позитивизмнің тарихи түрлері
ХХ ғасырдағы батыс философиясындағы позитивизм тарихи түрлері (О.Конт, Э. Мах, К. Поппер).
Негізі позитивизм- дұрыс пікір(лат Positives) деп аталатын ұғым болып дүниеге келді,оның бастамасын салған Огюст Конт және Дж.Стюарт Милль,Герберт Спенсер.Бұл философияның арғы түбі Д.Юм мен И.Кантқа тіреледі.Олардың мақсаты ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан былайша айтқанда,философиядан азат ету.Олардың пікірінше әр ғылым өз алдына философия.Сол ғылымдарды зерттеу қажет.Былайша айтқанда әр ғылымда пайдалы да пайдасыз да ойлар болады.Мақсат дейді позитивистер солардың тек дұрысын,пайдалысын қабылдап,пайдасызынан арылу.Ондағы мақсат- француз рефалюциясының теориялық негізі болған XYIII ғасырдағы француз философиясынан бас тарту.Олай болса позитивизм- идеалистік философия оның ішінде субъективтілік идеализм.Оның эвалюциясы бір ғасыр ішінде үш кезеңнен өтті.Бірінші кезең-позитивизм,екіншісі- эмпириокритицизм,үшіншісі- неопозитивизм.Себептері:алдымен позититивизмнің пайда болуына кері әсер еткен Гегель диалектикасының дүниеге келуі.Буржуазия идеологтары содан қауіптенеді.Диалектика метафизиканы механикалық материализм деп кемшіліктерін айқын көрсетті.Одан соң сол кезге дейін философия ғылымдардың ғылымы деген болатын.Бірақ нақты ғылымдардың ғылымы емес екенін айқын дәлелдеді.Осы себептен арнаулы философиядан бас тартып,жаңа жол іздестіріле бастады. XIXғ аяғы-XXғ басында позитивизмнің жаңа дәуірі туды.Ол кезеңде оны эмпириокритизм деп атады.Оны жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар,бірақ ол біздің сезімдеріміздің жиынтығы дегенін алдында айттық.Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда, шындықтан әлдеқайда алшақ.Айталық позитивизм философияны емес ,нақты ғылымдарды зерттеу керек десе,эмпириокритицизм біздің сезімімізден тыс еш нәрсе жоқ,барлық дүние біздің сезімімізден нәтижесі деген қорытынды жасап,объективті өмірді субъективті сезімге айналдырды.Позитивизмнің үшінші түрі неопозитивизм немесе логиикалық позитивизм.Ол XXғ20ж дүниеге келді.Өкілдері:Морис Шлик,Рудольф Карнап,Отто Нейрат т/б.Бұлар өз ойларын қатаң түрде ғылыми логикаға негіздемек болды.Осыдан келіп,математикалық логика дүниеге келді.Позитивистер ғылыми пікір айтудың екі түрлі эмпирикалық және логикалық-математикалық жолы бар деп тұжырымдады.