Ойлау операциялары

Ойлау операциялары:
Салыстыру- шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын ажыратушы операция. Анализ-ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Осылай бөлу арқылы анализ заттың қасиеттерін, түсін, формасын, процестің жылдамдығын және т.б. білуге мүмкіндік береді. Синтез- ой арқылы құбылыстар мен заттардың бөліктерін тұтас ету. Ол анализге қарама-қарйшы операция жерде жатқан затты көріп, біз оны түсінеміз. Оның қалай жұмыс істейтінін білеміз. Анализ бен синтез негізінде салыстыру пайда болады. Ойлау операцияларының күрделі түрі-абстракция мен нақтылау. Абстракция-шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды. Нақтылау- жеке нәрселер мен заттар туралы ой. Мысалы: қандайда бір затты елестету керек болса, біз оны алуан түрлі белгілерімен елестетеміз.Мысалы, «үстел» десе, жазбаша үстел, жұмыс үстелі т.б. Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қортындысы.
Ұғым - біртекті бір атаулы заттар мен құбылыстарды түсіндіреді. Пікір – заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстардың бекітілуі (қыс келді-қар жауды). Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы - ой қорытындылары деп аталады.