Тірі организмдер көптүрлілігі . Сүтқоректілер

Тірі организмдер көптүрлілігі . Сүтқоректілер

Айтарлыктай ұзаққа созылған эволюциялык процестің нөтижесінде тірі табиғатта жануарлардың, өсімдіктердщ., саңырау-құлақтар мен микроорганизмдердің орасан зор көптеген түрлері пайда болды. казіргі кезде жер бетінде организмдердщ 2 млн-нан астам түрі тіршілік етеді. Олар­ың 1,5 млн-нан артығы жануарлар дүниесін кұраса, 500 мынға жуығы есімдіктер әлемі больш табылады. Ал саңыраукұлактар мен микроорганизмдер түрлері ең алдына бірнеше миллионды құрайды. Қазіргі кезде жер бетінде тіршілік ететін организмдер үлкен екі империяға клеткалық емес ж\е клеткалық құрылымды организмдер.
1-топТіршіліктің клеткалық емес формасы — вирустар жене фаг-тар. Вирустарды 1892 жылы орыс ғальгмы Д.И,Ивановский ашқан. Олар — кез келген сүзгіден өтіп кететін майда, мелшері 12-ден 500 мкм-ге дейінгі организмдер. Вирустар — клеткадан тыс тіршілік ете алмайтын, клеткаішілік паразиттер. Бактерия клеткасында болатьш вирустарды фагтар немесе бактериофагтар деп атайды. Вирустардың біркатары адамның тұмау, энцефалит, т.б. жұкпалы ауруларының қоздырушылары Вирустардың баска организмдерден тағы бір ерекшелігі кұрамын-да нуклеин кышкылдарының біреуі ғана, не РНҚ, не ДНК ғана болады. Олардың шығу тегі белгісіз.
2-топКлеткалық құрылымды организмдер. Жер бетінде тіршілік ететін организмдердін вирустар мен фагтардан баска барлығы дерлік клеткалық құрылымы бар орғанизмдер. Олар — ядросы жоқ прокариоттар және ядросы бар эукариоттар болып екіге бөлінеді.
Прокариоттар — қүрылысы өте карапайым, клеткасында ядросы жоқ организмдер. Оларда тұкым қуалау ақпараты жазылған ДНҚ цитоплазмада сақина тәрізденіп бос күйінде орналаскан. Көк жасыл балдырлар мен бактериялар табиғаттағы зат айналымында үлкен рөл атқарады. Микроорганиз-ң шаруашылык салаларьшдағы маңызы да өте зор. Олардың көппгілігі өнеркәсіп пен медицинада пайдалануға қажетті заттарды түзеді. Тамак өнеркәсібінде нан ашыту, спирт, кейбір органикалык кышқылдар алу, шарап жасау микроорганизмдердің қызметіне негізделген. Адамның түрлі жұқпа-лы ауруларын емдеуге қолданылатын антибиотиктер де осы микроорганизм.
Эукариоттар — сыртынан қабықшамен қоршалған клеткасын­да цитоплазмасы және айқын көрінетін ядросы бар организмдер. Ядрода тұқым қуалау ақпараты орналаскан. 3-топ.Өсімдіктер дүниесі. Бұған автотрофты қоректенуге қабілетті өсімдіктер жатады. Өсімддктердің ерекшелігі клеткаларында пластидтер және сыртқы қалың целлюлоза қабықшасы болады. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге балдырлар жатады. Табиғатта балдырлардың бір клеткалы және көп клеткалы түрлері кездеседі. Алғашкы қарапайым жыныссыз кебеюмен катар эволюция барысында жыныстык көбею қалыптасьп, клеткалардың түкым қуалау материалдары қосылып, құрылысы күрделенді. Мүның өзі организмдердің алуан түрлілігіне бастама беріп, көпклеткалылықтьщ шығуына жол ашты. Бұл жағдай өсімдіктер әлеміндегі ірі ароморфоздарды көрсетеді. Көп клеткалы организмдерде клеткалардың жіктелуі, яғни түрлі қызмет аткаруға беймделуі байқалды. Нәтижесінде ұлпалар, мүшелер түзіліп, жоғары сатыдағы өсімдіктердід қалыптасуына мүмкіндік туды.
Алғашқы құрлыкка шықкан цсилофиттер жоғары сатыдағы спорамен көбейетін мүктер, плаундар мен кырыкбуындар және папоротниктердің шығуына бастама берді. Кейін келе түкыммен көбейетін папоротниктерден барлык вегетативті мүшелері жетілген жалаңаш тұқымды ж\е жабық түкымды өсімдіктер шықты.
4-топ.Саңырауқрлақтар дуниесі. — гетеротрофты коректенуге қабілетті эукариоттардың ерекше тобы. Олар сапрофиттік немесе селбесіп паразиттік тіршілік етуге бейімделген организмдер. Табиғатта саңыраукүлақтардың пайдалы жөне зиянды түрлері ете көп. Бұлардың барлығы да ертедегі қарапайым кұрылысты гетеротрофты эукариоттардан шыққан дейді.Төменгі сатыдағы эукариоттарға сонымен қатар кыналарды жаткызады. Қыналар — саңыраукүлактар мен көк жасыл және жасыл балдырлардың селбесіп тіршілік етуінен түзілген организмдер.
5-топ.Жануарлар дуниесі. Жануарлар — даяр органикалық заттармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Олар өздерінін қорек заттарын іздеп жүріп тауып жейді. Сондықтан қозғалу мүшелері түрліше бағытта жақсы дамып жетілген. Мысалы, қарапайымды-ларды алсак, амебада жалған аяктары, инфузорияларда кірпікшелері, бунакденелілерде қанаттары мен аяктары, балықтарда жүзу қанаттары, т.б. Құрлыктағы омыртқалылар жақсы жетілген алдыңғы, артқы аяқтарының қаңқасы мен бұлшық еттерінің болуына байланысты түрлі тіршілік орталарына бейімделіп кеңінен таралған. Жануарлардың өсімдіктерден негізгі айырмасы — осы козғалғыштығында. Қозғалуға байланысты жануарлар клеткасында бірқатар ерекшеліктер калыптаскан. Атап айтканда, жануарлар клеткасының сыртында козғалуға кедергі жасайтын қалың целлюлоза қабықшасы болмайды, клетка тек жұқа цитоплазмалық жарғақшамен қапталған; жануар клеткасында суда ерімейтін тығыз крахмал дәндерінін орнына жақсы еритін гликоген қорға жиналады.
Жануарлар дүниесі қарапайымдыларға (бірклеткалылар) жене көпклеткалыларға бөлінеді. Қарапаиымдылар — тіршіліктің клеткалық деңгейдегі көрінісі болып табылады. Қарапайымдылар клеткасының әрбір құрам бөлігі арнайы бір қызмет атқарып, тұтас бір организмнің тіршілігі камтамасыз етіледі. Көпклеткалылар — құрылысы мен аткаратын кызметі алуан түрлі ұлпалар мен мүшелерден тұратын күрделі құрылысты организмдер. Олар көптеген типтерге және кластарға бөлінеді.
6-топ.Сүткоректілердің эволюциясы. Сүтқоректілерді өте ертеде ме­зозой заманында тіршілік еткен аңтісті жорғалаушылардан шыққан деп есептейді. Сүткоректілердің жер бетіне кең таралып тіршілік етуі дене құр-ң, ж.ж. күрделеніп, жылықандылыққа ие болуына байланысты жүрді. Ал жылықандылық түкті жамылғының болуы, жүректің төрт бөліктен түруы, кіші жөне үлкен қанайналым шеңберлерінің түзілуіне байланысты қалыптасқан. Сүткоректілер үш класс тармағына болінеді: жұмытртқа салушылар, қалталылар және ұрықжолдастылар.
Мезозой заманынын соңына жақын пайда болтан ұрықжолдастыларды жогары сатыдагы сутқоректілер деп атайды.
Бертін келе кайнозой заманында тірніілік еткен жәндіктермен коректенетін сүтқоректілерден приматтар отряды бөлініп шықты. Осы приматтар отрядына жататын адам төрізді маймылдардан биологиялықжәне әлеуметтік факторлардың өсеріне байланысты адам пайда болды.