- Негізгі бет
- Спортзал
- Таэквондо – өзін-өзі...
Таэквондо – өзін-өзі қорғау сабақтары
Таэквондо (тхэквондо) - корей халқының ұлттық спортының бір түрі. 2000 жылдан бастап олимпиадаға енгізілген таэквондоның шығу тарихы алыста жатса да, заманауи күрес жүйесі ретінде ол тек XX ғасырда қалыптасты. Таэквондода спортшының аяғы мен қолы қатар жұмыс істейді, атауы да соған орай қойылған: «тхэ» - аяқ, «квон» - жұдырық (қол), «до» - өнер дегенді білдіреді. Мақсаты – жарыс ережесіне сай келетін әдістерді пайдалана отырып жеңіске жету. Таэквондошы әрқашан өз-өзіне сенімді, салқынқанды, сабырлы, не нәрсе жасаса да, ойланып барып орындайтын адам болуы керек.
Біздің елге жекпе-жектің бұл түрі тәуелсіздікпен бірге келді десек болады. Дәл сол жылдары әлемге әйгілі таэквондошы Мұстафа Өзтүрік атажұрты Қазақстанға келіп таэквондо жоғары мектебінің негізін қалаған еді.
Бүгін «Жаттығу залынан» Мұстафа Өзтүріктің шәкірті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанмахмұт Шоқпытов ағамыздың дәрісін көре аласыздар. Таэквондоның қыр-сырын жақсы меңгерген Сұлтанмахмұт аға сіздерге қарсыластың аяғымен жасаған соққыларынан құтылып, қарсы соққыны қалай жасау керектігін көрсетеді.
Y. Almabek