XIX ғасырдың екінші жартысында түсірлген спорттық фильмдер үлкен танымалдылыққа ие болды. "Рокки" , "Кровавый спорт", "Кулак Ярости" сынды киноларды көрген сол уақыттың адамдары басты рөлдерді сомдаған актерлерге қарап қызығып қана қоймай, қайталап жасауға да әуестенген. Олардың күші, жылдамдығы және түрлі айла-әрекеттері көрген жанды бірден өзіне баурап алатын болған. Өткен ғасырдың үздік фильмдерінде қандай жаттығулар болғанынан хабардар етеміз. Себебі әрбір ер азамат Отанын, өзін, туыстарын қорғауы керек.
Бокс әлемінде өзінің есімін қалдырып үлгерген "Рокки" фильмі туралы білмейтін жан жоқ шығар. Сильвестр Сталлоненің басты рөлін сомдауымен шыққан кино талайдың боксқа деген қызығушылығын туғызды. Қарапайым жаттығулар жасап, өзінің дене бітімін қалыпқа келтіріп, жылдамдығын арттырып және бокс техникасының қыр-сырымен аздап болса да таныстыратын "Рокки" бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтқан емес.
Роккидің ең басты жаттығулары темірмен байланысты. Ауыспалы жим, базалық триедтер мен көкіректі шымырландыруға арналған жаттығудың барлығы штанганың көмегімен орындалған. Оған қоса гантельді оңды-солды сермеу арқылы қолының жылдамдығын арттырып қана қоймай, әрқашан денесін басқарып жүруді көрсетеді. Өзін көтере секіру, асқазанды қысымға алу секілді түрлі жаттығуларымен қоса кеудені жерден көтерудің әрқилы әдістерін көрермендеріне ұсынды. Оған қоса секірмекпен (скакалка) жұмыс жасап, груша ұрып қана қоймай бапкермен жұмыс жасаудағы қимылдардың дұрыс жасалу жолдарын үйретті.
Бұл фильмді көру арқылы адамдар тек қана жаттығудың қалай орындалатынын емес, спортшылардың қандай тағамдарды пайдалану керектігін де білген.
Фильмнің шыққанына ұзақ уақыт болса да, әлі күнге дейін адамдардың қайталап көріп, спортшылардың алға қарай қарыштауына көмектесер пайдасы мол. Заман өзгергенімен спорттық жатығулар сол күйінде қалады. Бастысы барлығын дұрыс әрі уақытында орындасаңыз жеткілікті.