- Негізгі бет
- Спортзал
- Өзін-өзі қорғау сабақтары...
Өзін-өзі қорғау сабақтары – пхумсэ
Бүгінгі сабағымыз таэквондоны үйренуге үлкен көмегі тиетін таптырмас жаттығу түрі пхумсэге арналмақ. Пхумсэ – таэквондоның қимыл-қозғалыстары мен іс-әрекеттерінің жиынтығы. Ол қарапайым жаттығулардың құрамына кіреді және әдіс-тәсілдерді үйренудің негізі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл - қиялдағы бір немесе бірнеше қарсыласқа қолданылатын, белгіленген ізбен, нақтыланған тізбек бойынша жасалатын шабуылдау және қорғану әдістерін үйренудің жолы. Оны жиі қайталап тұру сан түрлі қимыл-қозғалысты жаттап, демді дұрыс ұстауға, төзімді болуға үйретеді. Таэквондода шеберлік ұстаздан шәкіртке осы пхумсэ арқылы беріледі және пхумсэ таэквондошының деңгейін анықтау барысында үлкен рөл атқарады. Назарларыңызға спорт шебері Серік Күнайдың көрсеткен пхумсэлерін ұсынамыз.
Y. Almabek