Өзін-өзі қорғау сабақтарының сегізінші шығарылымын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл жолы сіздер крав-маганың кезекті әдістерін үйрене аласыздар. Денсаулыққа төнген қауіпті тез арада бейтараптандыруды мақсат тұтқан ұрыстың бұл түрі үйренуге өте ыңғайлы әрі жеңіл. Сол себепті видеодәрістерді көріп, бірнеше рет қайталағаннан кейін алғашқы нәтижеге жететініңізге сенімдіміз. Дегенмен басқа спорт түрлері сияқты крав-мага да еңбек пен шыдамдылықты талап ететінін ұмытпаған жөн.