- Негізгі бет
- Спортзал
- Қалыпты дене формасы...
Қалыпты дене формасы үшін математикаға сүйену қажет
Қалыпты дене формасы үшін жаттығу залына бару аздық етеді. Мұны күнделікті тұтынатын азық-түлік толықтырады. Яғни үнемі тамақтану қажет. Ағзаға қажетті құнарлы заттар мен калорияның мөлшерін біліп азықтансаңыз, бәрі қалпына келеді. Оны білу үшін математикаға жүгіну керек. Олай болса, мына жазбамызды мұқият оқып шығыңыз.
"Аш болсаң, сен өзіңе ұқсамайсың"
Жұмыста отырғанда қарныңыз ашып, бірнәрсе жегіңіз келетін кездер болуы мүмкін. Бірақ түскі асқа дейін әлі бір-екі сағат бар. Мұндай уақытта үйден тіске басар, қарын тойғызар бірнәрсе ала шығыңыз. Жаңғақтар, жеміс-жидек немесе шоколад секілді тағамдармен асқазаныңызды алдай тұрыңыз. Олар тек қарныңызды тойдырып қана қоймай, жақсы жұмыс істеуге көмектеседі. Сол уақыт аралығында жаңғақтар ақыл-ойыңызға, жеміс-жидек сергек болуға, ал шоколад есте сақтау қабілетіңізге өз үлестерін қосып жатады. Және де шай, шырындарды ұмытпаңыз. Ең бастысы, тағамдағы қант мөлшеріне көңіл бөліңіз. Адам күніне 65 грамм қант тұтынуы қажет.
Қуатыңызды үнемдеңіз
Адам ақуыз, май және көмірсуды белгілі бір қалыппен сіңіруі қажет. Көмірсуды көкөністерден, жеміс-жидектен және жармалардан ала аласыз. Бұлардың арқасында адам 80-90% көмірсу сіңіреді. Ал тәтті жемістен, кепкен жемістен, шырыннан, қою шоколадтан, балдан және тосаптан 20-10% көмірсу алады. Көмірсу денсаулығы мықты адамның ағзасында 25%-дан аспауы қажет. Адамға қуат тамақ арқылы беріледі. Сондықтан әр азықтың мөлшері мен құнарлылығын есептеу керек. Артыққа бармай, кемге салынбасаңыз, өзіңізді бір қалыпта сақтай аласыз.
Күндік калория
Адамның күндік калориясы жұмыс істеу, спортпен шұғылдану, тамақ ішу уақытымен және салмағымен тікелей байланысты. Күндік калорияны білу үшін математикаға сүйенуіміз қажет. Мысалы: сіздің салмағыңыз 85 кг деп алайық. Аптасына 3 сағатыңызды жаттығу залында өткізесіз делік. Демек, 3 сағатқа 9,5-ті қосып, шыққан мәнді (12,5) салмағыңызға (85) және 2,2-ге көбейтіңіз. Нәтижесі 2337,5-ке тең. Бұл сіздің бір күнде тұтынатын калорияңыздың мөлшері.
Құнарлы заттар
Сіздің салмағыңыз (85) х 2 = (170) бұл бір күнде тұтынатын ақуыз мөлшері (граммен өлшегендегі)
Сіздің салмағыңыз (85) х 1.1 = (93,5) бұл бір күнде тұтынатын май мөлшері (граммен өлшегендегі)
Бір күндік калория нормасы – ақуыз мөлшері х 4 + май мөлшері х 9 және шыққан мәнді 4-ке бөліңіз = бұл бір күнде тұтынатын көмірсу мөлшері (граммен өлшегендегі)
Мысалы: сіздің 85 кг салмағыңыз үшін 170 г ақуыз және 93,5 г май керек. Бұл мөлшерлерді байланыстырып сізге қажет көмірсу нормасын былай табуға болады: ақуыз мөлшерін (біздің мысалымызда 170 г) 4-ке көбейтіңіз (170), енді май мөлшерін (бізде – 93,5 г) 9-ға көбейтіңіз (841,5). Екеуінің мәнін қосыңыз да (1521,5) күндік калория мөлшерінен (2337,5) шегеріңіз. Біздің мысалымызда 1521,5-ке тең болды. Осы шыққан мәнді 4-ке бөліңіз. Нәтижесі: 204 грамм. Бұл граммен өлшегендегі бір күндік тұтынатын көмірсу мөлшері.
Тәттіден қашпаңыз
Сіз салмақ тастап, дұрыс тамақтануды қолға алдыңыз делік. Бірақ бұл тәттіден бас тарту деген сөз емес. Газды сусындардан гөрі, жеміс-жидектен жасалған құнарлы шырындарды ішіңіз, әсіресе, апельсин, шие, анар. Олар бойыңызға қуатпен қоса, дәрумен сыйлай алады. Тек шамасын білсеңіз болғаны.
Отыра бермеңіз
Қалыпты дене формасын сақтау үшін үнемі қозғалыста болу керек. Егер сіз қозғалмасаңыз, жоғарыда есептеген бір күндік калорияңыздан келіп кетер пайда жоқ. Денедегі май қозғалмасаңыз, жинала береді. Ал оның арты жақсылыққа апармайды. Сондықтан, үнемі белсенді қозғалып, ширақ болыңыз. Энергетикалық балансыңызды сақтау үшін тек тамақтанып қана қоймай, спортпен шұғылдануыңыз керек. Фитнеспен не белгілі бір спорт түрімен айналысып, өз қалпыңызды сақтаңыз.
Е. Жұмабайұлы