Денеге күш түсіргенде бұлшықеттер неге ауырады?

Денеге күш түсіргенде бұлшықеттер неге ауырады?
Фото: fishki.net

Ұзақ уақыт бойы дене шынықтырумен айналыспаған адам ауыр жұмыс істеп, денесіне күш түсірсе денесінің ауыратынын жақсы біледі. Себебі бұл ауру 5-6 сағаттан кейін басталып, келесі күні артады. Неліктен деп ойлайсыздар? Қарқынды жұмыс кезінде бұлшықет анаэробты режимде жұмыс істеп, оттегі жетіспеушілігі салдарынан энергия қоры жұмсалады. Анаэробты процесстің соңғы өнімі – сүт қышқылы болғандықтан, егер түсетін күш орташа болса, сүт қышқылы бұлшықеттен қан арқылы шығады. Ал күш ауыр болатын болса, сүт қышқылы бұлшықеттен шығып үлгермей, жүйке ұштарын тітіркендіреді. Сондықтан бұлшық еттеріміз ауырады.

Бұлшықетті ауыртпау үшін не істеуге болады?

1) Дене шынықтырумен үнемі шұғылдану. Мұндай ауру ұзақ уақыт спортпен шұғылданбаған, аз уақытта денесіне қарқынды күш түсірген адамда болады. Сондықтан әр кезде жаттығуды неғұрлым жиі жасау керек. Сонда ғана ауру сезілмейді. Бұл сүт қышқылы өндірілмейді деген сөз емес. Дене әдеттегі күшке үйренген соң дененің бұлшықеті ауырмайтын болады.

2) Бірінші күні денеге бірден ауыр күш түсірмеу. Күшті біртіндеп арттырған абзал. Көп адам жаттығудан кейін дененің ауруын қалыпты жағдай деп түсінеді. Алайда белгілі бір ауру ағзада белгісіз жағдайдың болып жатқанын білдіруі мүмкін. Яғни бұлшық еттерге шамадан көп күштің түсуін байқатады.

3) Жаттығу алдында денені қыздыру. Егер бұған дейін дене ауырып тұрған болса, ешқашан жаттығуды тоқтатпау қажет. Өйткені жаттығу жасау ағзадағы зат алмасу процесін жылдамдатады. Сондықтан жаттығу қарқынын ғана азайту керек. Денеге массаж жасау, душ қабылдау – жаттығу барысында жиырылған бұлшықеттерді сергітеді. Мол су ішу зат алмасу процесін жақсартып, қажетсіз өнімдерді денеден бөліп шығаруға көмектеседі.

Дереккөз:bilim-all.kz

С. Ерсін