Қазіргі ұрлық-қарлық көбейіп, қылмыстың өркендеп тұрған уақытында адам өзін-өзі қорғай білуі тиіс. Мейлі, ол мектеп оқушысы, студент немесе қарапайым қала тұрғыны болсын, бұл маңызды емес. Бұзақылар тәуліктің кез келген уақытында, қаланың кез келген жерінде кездесуі мүмкін. Олар, әдетте, өздерінен әлсіз жандарға соқтығады. Күтпеген жерден, күтпеген уақытта сөмкемізден, құжаттарымыздан, ақшамыздан айрылып жатамыз. Оның себебі де түсінікті, біз өзімізді өзіміз қорғай алмаймыз. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Израильде крав-мага атты ұрыс түрі ойлап табылған. Бүгін "Жаттығу залының" тоғызыншы шығарылымынан сіздер крав-маганың ең жеңіл әдістерінің бірін үйрене аласыздар. Бұзақы білезігіңізден ұстап алған жағдайда одан қалай құтылуға болады? Оны видеодан көріңіздер!