Бокс қолғабын қалай таңдаймыз?

Бокс қолғабын қалай таңдаймыз?
Фото: neelov.ru

Қай кезде болсын жекпе-жек жігіттердің арасында ерекше орын алады. Кейбір делебесі қозған жігіттер төбелесті өзі іздеп табатынын да жасырмаймыз. Осы бір қызу қанды жігіттердің жекпе-жегін қызықтау үшін XVII ғасырда Гректер жігіттерді аренада жұдырықтастыра бастаған. Қолына былғарыдан жасалған матаны орап, оның арасына соққыны үдету үшін металдан жасалған заттарды қосқан.

XIX ғасырдың басында қарсыластардың бір-бірін қатты жарақатсыз жеңуі үшін былғарыдан арнайы қолғаптар тігіле бастаған. Алайда, қанды көріп көңілі тынышталатын жұртшылық жаңа затты жақтырмай, бірден қолданысқа енгізе алмады. Араға біраз уақыт салып, көптеген ел былғары қолғапсыз жекпе-жекке тосқауыл қоя бастады.

Қазіргі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпаған бокс спортындағы былғары қолғаптарды қалай таңдауға болады? Жалпы бұл спортқа арналып тігілетін үш түрлі қолғап бар. Олар: Кәсіпқой, әуесқой, және снарядты қолғап болып бөлінеді.

1) Кәсіпқой бокс қолғабы ең бірінші жойқын соққы беріп, одан ауыр жарақат алмау үшін жасалады. Оның арнайы жасалған бауы болады. Бұл қолғапты киген адам өзі шеше алмайды. Бұл баулар соққы жасаған уақытта білектің дұрыс қимылдауына көмектеседі.

2) Әуесқой бокс қолғабы арнайы турнирлер мен жаттығуларда жиі пайдаланылады. Олардың бекітуінде резеңке не жапсырма болады. Бұл былғары қолғаптың ортасында ақ түспен боялған дөңгелек болады. Ол төрешілер әрбір соққының дұрыс тиуін есепке алудағы жұмысын жеңілдетеді.

3) Снарядты колғаптар ең алғаш жаттығу үшін жасалған. Оны кигенде қолыңды еркін сезініп, ашып-жұмуға ыңғайлы жасаған. Бүгінде бол қолғаптар ережесіз жекпе-жектерде пайдаланылады. 

Қолғап таңдау кезінде ең бірінші оның сапасына аса ден қойған дұрыс. Себебі былғарысы жақсы қолғап шыдамды болады. Одан кейін оны салмағыңызға байланысты жеңіл әрі мығым тұратынына көз жеткізіңіз. Қолға дәке орағандықтан қолғап ішінде кішкене болса да дәкеге орын қалғаны дұрыс. 

B. ZHAQSYMBET