Танымал спортшы Бейбіт Назаров өзінің кезекті сабағында жекпе-жекте қарсыласыңыз екі қолымен аяғыңызды орап, жерге жығып жатқан жағдайда, оның соққысынан құтылуды және өзіне қарсы әрекет етуді үйретеді. Бейбіттің айтуынша, бұл өте тиімді әрі өзі де жиі қолданатын әдістердің бірі болып табылады. Халықаралық жарыстарда көп мәрте жеңіске жетіп, үлкен тәжірибе жинаған спортшының бұл тәсілін сіз де үйреніңіз!