Джиу-джитсудан жастар арасында Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы, көптеген халықаралық жарыстың жеңімпазы Бейбіт Назаров Massaget.kz-тегі дәрістерін жалғастырады. Өз тәжірибесінде талай мықтымен кездесіп, ешкімге дес бермеген Бейбіт бүгін "жаттығу залында" сіздерге қарсыластың алғашқы соққысынан құтылу жолын және оны сол сәтте жерге жығу әдісін үйретеді.