Ұялы байланыс операторлары 5 жылдан кейін қандай қызмет ұсынады?

Ұялы байланыс операторлары 5 жылдан кейін қандай қызмет ұсынады?
Фото: istory.kz

Бүгінгі нарық талабы байланыс операторларына жаңа қызметтерді ұсынуға мәжбүрлеп отыр. Мессенджерлер кең қолданысқа енгеннен бері ұялы телефон операторларының SMS пен қоңыраулардан түсетін пайдасы азайды. Сондықтан операторлар абоненттердің үлкен базасын пайдаланып, оларға микрокредиттер мен ақша аудару, қосымшаларға төлем жасау секілді қызметтерді ұсына бастады. Ары қарай не күтіп тұр? 5 жылдан кейінгі ұялы байланыс операторы қандай болады?  «Beeline-Казақстанның» PR-директоры Алексей Бендзьдің  most.com.kz сайтына айтқан пікірін назарларыңызға ұсынамыз.

Қазір бізде 9,2 млн абонент бар. Біз Beeline Қазақстанда жұмыс жасаған 10-11 жылдан бері абоненттер саны бойынша көшбастау туралы алғаш рет ойлана бастадық. Алда болатын  нәрсе әрдайым қызық әрі алдамшы болып келеді. Қазір тағы бір үрдіс бар – телеком қазір қиын кезеңдерді өткеріп отыр. Бірінші рет нарықта теріс динамика байқалды, бұлай тарихта ешқашан болмаған. 2015 жылы барлық операторлар 2014 жылмен салыстырғанда аз табыс тапты. 2016 жылы да табыс 2015 жылдан қарағанда аз болады. Мұның барлығы қызметтер ақысы арзандағандықтан болып отыр. Телеком – қызметтер ақысы арзандап жатқан жалғыз сала.

Екінші себеп: телеком табысының негізгі бөлшегі дыбыстық қызметтер, яғни қоңыраулардан түседі. Ал бірнеше жылдан бері мұндай қызметтердің ақысы, яғни бізге түсетін пайда азайып жатыр. Мұндай қызметтер табысымыздың 70%-ын құрайды, қалған 30% трафиктен түседі.

Ұялы телефон операторлары 5 жылдан соң қалай табыс тапса болады?

Ғаламтор трафигінің көлемі өте қарқынды өсіп келеді. Мысалы: әлемде технология интеллектісінің үш орталығы бар: Ericsson (Швеция), Nokia (Финляндия) и Huawei (Қытай). Жаңа стандартты жасап шығатын компаниялар – осылар. Біз білетін 2G, 3G және 4G сол жақтарда ойлап табылған. Осыдан 5 жыл бұрын Ericsson компаниясы мобильді интернет трафигі әр жыл сайын екі есе ұлғайып отыратыны туралы айтқан болатын. Біз мұның шын-өтірігіне көз жеткізу үшін өзіміздікін де бақылап көрдік – жыл сайын трафик кем дегенде екі есе өседі екен. Бұл жылы трафик бойынша 130%-ға арттық. Алайда түсетін пайданың өсуі трафик секілді қарқынды емес. Біз интернеттен түсетін пайданы небәрі 6%-ға арттырдық. Бұл дегеніңіз, трафик өте жылдам өскенмен, монетизация кенже қалып отыр.

Әлем бойынша телеком капитализациясы құлдырап барады. Телефон операторларының акциялары да түсіп кетті. Осының барлығын көріп отырған бізге «5 жылдан соң біз қандай боламыз?» деген сұрақ еріксіз келеді. Бұған дейін көш бастап келген SMS жүйесінің орнын WhatsApp, Viber, Facebook секілді әр түрлі мессенджерлер басты. Олар  мобильді компаниялар табысының үлкен бөлігін тартып алып жатыр. SMS-тен түсетін табысқа біз салық төлейміз, ал мессенджерлердің мойнына мұндай жауапкершілік артылмаған.

Мұндай жағдай күн өткен сайын артып келеді. Қазір біздің алдымызда бірнеше жол бар. Алғашқысы – әр түрлі ойыншылар жармасатын жай ғана интернет арнаға айналып, сол арқылы табыс табу. Екіншісі – «түтік», яғни трафик тасымалдап қана қоймай, басқа ойыншыларға бәсекелес болатын қызмет түрлерін де ұсынуды жалғастырушы болып қалу. Бұл smart pipe концепция біздің VimpelCom-дағы акционерлерімізге жақын болып шықты.

Өткен жылдан бері біз бизнесті трансформациялау бағдарламасын жоспарлап жүрміз. Біз қазір мобильді оператор болсақ, екі жылдан соң өзімізді қоңыраулар мен ғаламтор тасымалдаудан басқа көптеген пайдалы қызметтер ұсынатын интернет-компания, digital-оператор ретінде көреміз.

Осы жылы Қазақстан нарығында біз алғаш рет «мобильді финанс» қызметін кіргіздік. Енді Beeline тұтынушыларының шотында ақша болса, азық-түлік сатып алу, жол картасының балансын толтыру секілді түрлі қызметтерді пайдалануға болады. Бұл туралы толығырақ  money.beeline.kz сайтында жазылған.

Қазақстанда мобильді қаражат пен ақша туралы заң әлі қабылданбаған. Бізде банктер олардың бизнесін тартып аламыз ба деп қатты қорқады. Алайда  елімізде электронды ақша туралы заң бар. Біздің жобамыз соның шеңберінен аспайды.

Сонымен қатар, біз қазір дамуына қатты көңіл бөліп отырған тағы бір жобамыз бар. Ол «конвергентті қызметтер» (fixed mobile convergence) деп аталады. Осы арқылы енді бір терезеден үй интернеті, мобильді финанс секілді көптеген телеком-қызметтерін сатып алуға болады.

Біз бар ынтамызбен осы жылы айналысқалы отырған бизнестің тағы бір қызық түрі бар. Бұл – контентті бизнес. Мұның үлгісін Kcell мен Bookmate-тің бірлескен жобасынан көре аласыз, яғни жазылу арқылы барлық контентті еркін қолдануға болады. Біздің әдісіміз сәл басқаша. Біз халықарылық телеком болғандықтарнан, бізде орыс тілінде сөйлейтін 8 ел мен бұл территорияда 150 млн тұтынушымыз болғандықтан, жергілікті контентпен толтырылатын орыстілді өнім жасауды жоспарлап отырмыз.

Қазір біз digital-оператор болып, жаңа бизнес арқылы табысқа кенелгіміз келеді, сондықтан бізге стартаптарды талқылау, оларды жобалау ұнап қалды. Стартаптар бізге жергілікті (Қазақстан) және ғаламдық (VimpelCom компаниялар тобы) деңгейінде қызық.

Beeline және стартаптар

Ұдайы байланысу мен ақпарат жинақтауға көп уақыт кететіндіктен, нақты стартаперлермен жұмыс жасауға мүмкіндігіміз жоқ. Сондықтан бізде мәселенің шешудің бірнеше құралы бар.  Мысалы – Eurasia mobile challenge. Бұл халықаралық байқау бірнеше жылдан бері бар. Біз байқау туралы 8 елге хабарлама таратып, ең үздіктерін таңдап халықаралық байқауға жібердік. Осылайша, бөлшектер сатуға арналған қосымша ойлап тапқан қазақстандық команда Мәскеуде – 2-орын, ал Барселонада өткен келесі кезеңде 4-орынды иемденді.

Сонымен бірге, біз revenue sharing моделі бойынша жұмыс істейміз. Бұл дегеніңіз, егер сіз біздің бизнестің қандай да бір бөлігіне қатысты операторға де, сізге де пайда әкелетін керемет идеяңыз болса, бізге айтсыз. Бұл коммерциялық, не қызмет көрсетуге қатысты болуы мүмкін. Міне, осындай модель аясында сол жобаны жасап, табысты бөлісеміз. Мұның барлығы нақты жағдайларға байланысты. Бізде 9 млн пайдаланушы, big data, медиа-қолдау, абырой, білім бар, әлеуметтік желіде де танымалмыз. Бұл мықты стартаптар үшін жақсы алаң. Бір нәрсені ұмытпаған дұрыс: біз бизнес инкубатор немесе акселератор емеспіз, біз-мобильді опертормыз. Beeline ретінде, біз  жақын арада өзіміздің бизнес-акселератор нұсқамызды жасап шығуды жоспарлап отырған жоқпыз.

Wooppay төлем жасау қызметі секілді Beeline-ның қызығушылығын тудыратын жергілікті жобалар бар. Тап осы Wooppay  мобильді финанс жобасын ұсынған болатын. Осы секілді идеялар, сөзсіз, қызығушылық тудырады.

Контентті бизнестің танымал 4 бағыты бар: кино, музыка, кітаптар мен ойындар. Егер біреуде танымал болатын осы секілді контент идеялары болса, бірге жұмыс жасауға қашанда қуаныштымыз. Бізде үлкен көлемде орыстілді контент пен локализация жасауға үлкен мүмкіндік бар.  3G-ге өткен соң адамдарға жақсы болды, яғни тұтынышылық көзқарас пен қабылдау турасынан қарасақ, бұл – алға жылжу. Десек те, қазір Beeline базасында LTE стандартты смартфонын 500 мыңнан астам абонент қана пайдаланады. Бізді сапалы сурет пен видеосы бар контенттер ғана қызықтырады.

Әлеуметтік жобалар

 Біз мұнай және металлургия компанияларын артқа тастап, салық төлеу бойынша 14-орынға көтерілдік. Әлеуметтік жауапкершілік біз үшін өте маңызды және жүйелі түрде осы бағытта жылжып келеміз.

Сонымен қатар, цифрлық білім мен жастардың кәсіпкерлігін қолдауға қатысты барлық жобаларға көмектесеміз. Алматыдағы  балалар хосписі, Аружан Саинның «ҮЙ» қоры, «Аяла», Болат Өтемұратовтың «Асыл мирас» қоры секілді бірнеше ұйымға қолдау көрсетеміз. Егер сіздің әлеуметтік жобаңыз осы бағыттарды қамтитын болса, оны назарсыз қалдырмаймыз. Айта кетейін, идеяларыңызды тамызда әкеліңіз, себебі бюджет қыркүйек-қазан айларында бекітіледі.

Big data және жасанды интеллект

Big data – жаңа ұғым, сондықтан бұған дейін одан пайда табуды үйрететін түсіндірмелі құралдар болған жоқ. Біздің елде «жеке ақпараттарды қорғау» туралы заң бар және біз сол заңды айналып өте алмаймыз, яғни қандай жағдай болса да тұтынушыларымыз туралы ақпаратты сата алмаймыз. Бірақ қазір тарифтік ұсыныстарды дербес шығару аясында жұмыс жасап жатырмыз, яғни әр индивидке жеке тарифтер ұсынамыз. Ал қазіргі уақытта жекеленбеген статистика негізінде түрлі ақпараттарды көрсететін модельмен  жұмыс жасап жатырмыз.

Егер сіз Beeline-ның сайтына кіріп көрсеңіз, Дана есімді робот шығады. Оның түрлі сұраныстарды өңдеп, жауап беретін функциясы бар. Сосын  бізге «неге робот Дананың қабілеттерін арттырмаймыз?» деген ой келді. Біз бұл роботты үлкен көлемдегі ақпаратқа, яғни Big data-ға, біздің барлық интеллектуалды жүйемізге байланыстырсақ, бір жылдан соң роботтың қабілеттері артары анық. Қазір жасанды интеллект жайлы жиі ойлана бастадық. Алдымен ол қоңырауға қызмет көрсету орталығына байланысты болады. Бірнеше жылдан соң хабарласқан абоненттердің көбіне робот жауап береді және олардың көбі роботпен сөйлескенін сезбейтін де болады. Бұл өте қызықты және біз ол сәтті асыға күтеміз.

7kun.kz

@. @assel_assanova