- Негізгі бет
- FAQ
- Өшіп қалған файлдарды...
Өшіп қалған файлдарды қайта орнату
Кейде компьютерде өте қажетті файлдарымызды абайсыз өшіріп алатын жағымсыз жағдай болып жатады. Егер өшірген файлыңыз корзинадан табылса, онда артық мәселе жоқ. Оны еш қиындықсыз қайта орната аласыз. Ал егер мүлдем барлығын өшіріп алсақ не істейміз?
Бақытымызға орай, ол істің де шешімі бар. Файлдар өшпейді, жадты босатып, өшкен сияқты болып белгіленеді. Ақпараттарды қайта орнатудың бірнеше тиімді әдістері бар. Онымен айналысатын арнайы компаниялар да бар, бірақ олардың қызметі қымбат тұрады. Бізге Recuva тегін бағдарламасы көмекетеседі. Бағдарламаны жүктеп алып, орнатамыз.
Нені орнатқымыз келетінін көрсетеміз, ол әуен, құжат не басқа файлдар болуы мүмкін. Қазіргі жағдайда суреттерді қайта орнатуды мысалға алайық. «Далее» пернесін басамыз.
Мұнда өшіп қалған файлдардың қайда орналасқанын, қай жерден іздеу керектігін көрсетеміз, мысал үшін (F:\) флешкасын алайық.
«Далее» батырмасын басып, «Включить углубленный анализ» пунктіне жалауша қоямыз. Сканерлеу бірнеше уақытқа созылады, бірақ көптеген ақпаратты табуға жағдай жасайды. «Начать» батырмасын басқанда, сканерлеу жүреді. Нәтижесінде өшірілген файлдар табылады.
Қай файлдарды қайта орнату керектігін таңдаймыз да, «Восстановить» пернесін басамыз.
Ары қарай файлдарды қай орынға сақтау қажеттігін көрсетеміз. Оны басқа дискіге сақтаған жөн.
@. @assel_assanova