Компьютерге Windows 7 ОЖ орнату 2-бөлім

Компьютерге Windows 7 ОЖ орнату 2-бөлім

Басы 1 бөлімде


Windows 7 орнатылатын бөлімді таңдаймыз.

 

«Настройки диска» тармағында «Форматировать» пернесіне шертеміз.

 

Осы жағдайда компьютердегі барлық мағлұматтар жойылады. Бірақ, сіз барлығын көшіріп алдыңыз ғой. Сондықтан, уайымдаңыз.

 

«Форматталу» процесі аяқталғаннан кейін «Далее» басамыз

 

Жүйе орнатылғанша күтеміз.

 

Орнатылу аяқталған соң, қолданушы мен ноутбук атын енгіземіз.

 

Қалауымыз бойынша, құпия сөз бен көмек сөзді енгіземіз.

 

Сериялық нөмірді енгізбесек, компьютермен жұмыс істей алмаймыз. Сондықтан, бұл қадамды да орындаймыз.

 

Қауіпсіздік баптауларын көрсету керек.

 

Сағаттық белдеу де бар.

 

Егер компьютеріңіз желіге қосылып, Windows құрамында желі құрылғының драйверлері орнатылған болса, жүйе автоматты түрде желінің типін сұрайды.

 

Мінеки, бірнеше сәттен кейін ОЖ компьютеріңізде толыққанды жұмыс істейді.

 

ОЖ орнатылуы аяқталды.

Егер сіз айтылған қадамдарды бұлжытпай орындап, барлық кеңестерді құлақ түріп тыңдаған болсаңыз, компьютерге немесе ноутбукке ОЖ орнату еш қиындық туғызбайды. Іске сәт.