Компьютерді алыстан басқару

Компьютерді алыстан басқару

Көп жағдайда жұмыс компьютеріндегі файлдарды үйдегі ноутбукқа немесе десктопқа көшіріп алу қажеттілігі туындайды. Ал жұмысқа қайта оралғың келмейді. Бұндай жағдайда не істеуге болады? Әрине, кеңседегі күзетшіге қоңырау шалып, оның сізге керекті файлды электронды пошта арқылы жіберуін өтінуге болады. Болады, бірақ, ол кісіге қаншалықты сенімдісіз? Бұл идеядан айнып кеттіңіз. Солай емес пе? Біз сізге басқа шешім таптық.

Адам болғасын, бір нәрсені ұмыту бізге тән қасиет. Керекті ақпаратты флеш жадыға көшіреміз деп, ұмытып қаламыз. Бір жерде орналасқан компьютер файлдарын екінші компьютерге көшіріп алу қажеттілігі өте жиі кездеседі. Бұл мәселенің шешімі табылды

Бүгін біз коммерциялық емес қолданылуда тегін таратылатын "Teamviewer" компьютерлік бағдарламаға шолу жасамақпыз. Оның көмегімен сіз бір компьютерден екінші компьютерге керекті ақпаратты алыстан көшіріп алу мүмкіндігіне ие боласыз. Сондай-ақ, компьютерді алыстан басқара аласыз. Бұл операцияларды орындау үшін ғаламторға қосылған компьютерлер мен "Teamviewer" бағдарламасы қажет. Екі компьютерге де осы бағдарламаны орнатамыз.

1 қадам

Браузерге http://www.teamviewer.com/ru/ мекен жайын енгіземіз де, толық, тегін нұсқаны көшіріп аламыз.

2 қадам

Жүктелген бағдарламаны іске қосамыз. Ашылған терезеден "Установить" пернесін таңдаймыз.

3 қадам

Лицензиялық шартпен келісіп, "Далее" пернесін басамыз.

4 қадам

Бағдарлама орнатылып болғаннан кейін, осындай терезе ашылады.

Өз ID мен кілт сөзді көшіріп алыңыз немесе әріптесіңізге хабарласып айтыңыз. Не болмаса өзіңіз басқарып отырайын деп отырған компьютердің ID енгізіңіз. Кейін ашылған терезеге кілт сөзді енгізіңіз.

5 қадам

Ашылған терезеден компьютеріңізді толықтай басқара аласыз. Файлдарды да көшіре алу мүмкіндігіне ие боласыз. Ашылған терезеде жұмыс компьютеріңіздің "жұмыс үстелі" көрсетіледі. Өзіңізді тура жұмыста отырғандай сезіне аласыз.

Ең бастысы басқарайын деп отырған компьютеріңіз әрқашан электр энергия қорегі мен ғаламторға қосулы болуы тиіс. Өзіңіз көргендей бұл операцияларды орындау еш қиындық туғызбайды. Іске сәт!

Cурет: semiurg.ru