«Қазақтелеком» мен «Kazakhstan online» бірігіп ұсынып отырған бейнеконференция байланыс қызметі

«Қазақтелеком» мен «Kazakhstan online» бірігіп ұсынып отырған бейнеконференция байланыс қызметі

Шынында қазіргі кездегі бизнес адамдарының көпшілігі уақытының көп бөлігін офисте емес, тыста өткізетіні бар. Іссапарлар, ұшақтағы уақыт, іскерлік кездесулер және тағы сол сияқты. Бірақ уақыттың соншалықты тығыз болғанына қарамастан, сенің офистегі жұмысың бір сәтке де қараусыз қалмауға тиісті. Яғни сен үшін үнемі қол астыңдағылармен байланыста болудың маңызы зор. Оларға берілетін күнделікті тапсырма, шұғыл жиналыс жасау, арнайы бизнес тапсырмалары, тағы да басқа кезек күттірмес жұмыстар. Осылардың барлығын телефон арқылы шешу үлкен қиындық туғызары сөзсіз. Бірақ біз өмір сүріп жатқан заман технологиялық  жағынан тым дамып кеткендігі себепті, қиындықтарды оңай шешуші заман. Әрине жоғары технология көмегімен.

44

Сонымен біз атаған мәселенің оңай шешімі бар. Бұл тың жаңалықты Қазақстанда алғаш рет «Қазақтелеком» АҚ мен «Kazakhstan online» сауда белгісі ұсынып отыр. Олар ұсынып отырған әдіс бойынша, кез келген басшы немесе бизнес басқарушысы жаһанның қай бұрышынан болсын өздерінің офистік мекемесіндегі әрбір қызметкеріне жеке-жеке тапсырма беріп, тіпті жалпыға ортақ үлкен конференция да ұйымдастыра алады. Нақтырақ айтсақ, біз айтып отырған жаңа әдіс жоғары сападағы (HD) көп нүктелі бейнеконференция байланысы жөнінде. Ол үшін сіздің гаджетіңіз интернетке қосылса жеткілікті. Сіз әлемнің кез келген нүктесіндегі әуежайда, таксиде немесе отельде отырып-ақ өз қол астыңыздағы қызметкерлердің кез келгенімен (бейнеабонентпен) онлайн байланыс ұйымдастыра аласыз. Бір сөзбен айтқанда, аталған қызмет көрсету сіздің компанияңыздың бейнежелісін кеңейтіп, клиенттеріңізбен, әріптестеріңізбен, қызметкерлеріңізбен сөйлесуде таптырмас байланыс құралы болып табылады.

Қазіргі кездегі статистика бойынша, адамдардың 80-85 %-ы ақпаратты жалпыға ортақ ортадан алады. Сондықтан қазіргі кезде бейнеконференциялардың тигізер пайдасы ұшан-теңіз. Оған мысал, бейнеконференциялардың басқару ісінде, медицинада, қашықтан оқытуда, қауіпсіздік жүйесінде және тағы да басқа өмірдің ең қажетті салаларында үлкен сұранысқа ие болуы болып отыр. Әрине, бейнеконференция ешқашан адамдардың бетпе-бет сөйлесіп, пікір алмасуын алмастыра қоймас. Десек те бұл қызмет көрсетудің түрі бірнеше шақырым жердегі адамдар арасын байланыстырушы құрал ретінде жаңа заман технологиясының сөзсіз үлкен жетістіктерінің бірі.

«Қазақтелеком» АҚ корпоративті сату Дирекциясы мен «Kazakhstan online» сауда белгісі бірігіп ұсынып отырған бейнеконференция қызметі жиналыстар мен конференция ұйымдастыруды жеңілдетуге, мекемеаралық байланыстарды жақындатуға, қызметкерлердің уақытын үнемдеп, қажетті нұсқауларды дер кезінде беруге, жиналыс үшін алыс аймаққа бармай-ақ қаражатты үлкен көлемде үнемдеуге мүмкіндік береді

Енді қызмет көрсетудің (бейнеконференциялардың) қаржылық тиімділігі жөнінде айтып өтсек. Мысалы, бір компания басқа бір жеке бейнеконференция қызметін сатып алу үшін 1-ден 8 миллион теңгеге дейін шығындалады.  Оған ай сайын бейнеконференция қызметімен қамтамасыз ететін, техникалық көмек көрсетуші мамандарға төленетін қаржыны қосыңыз. Байланыс арнасына да ай сайын 300 мың теңгеге шығындаласыз.

Ал «Қазақтелеком» АҚ корпоративті сату Дирекциясы ұсынып отырған оңай шешім (бейнеконференция байланысы) жоғарыда айтылған басқа өнімдерге қарағанда экономикалық жағынан да сөзсіз тиімді. Себебі бір мекемені жаппай жоғары сападағы (HD) бейнеконференция қызметімен қамтамасыз ету үшін бар болғаны айына 12 000 теңге төлейсіз.

Оның үстіне қызмет көрсету өте қарапайым болғандықтан, техникалық көмек көрсетуші мамандардың ешқандай керегі жоқ. Демек, сіздің қалтаңыз да олар үшін жұқармайды.

Сондай-ақ бейнеконференция өткізу үшін сізге арнайы құрал-жабдық сатып алудың қажеті шамалы. Күнделікті өзіңіздің қолданып жүрген РС, iPad немесе iPhone болса жеткілікті. Ең бастысы Интернет қосулы болса болғаны.

Бір қарағанда, аталған қызмет көрсетудің түрі қазіргі кездегі Интернет қолданушылары арасында үлкен танымалдыққа ие Skype немесе басқа да осы типтегі бейнебағдарламаларды еске түсіреді. Алайда біз атаған бейнеконференцияны басқалардан айырып алатын нәрсе – конференцияға қатысушы адамдардың және олар туралы мәліметтердің толықтай құпия сақталу мүмкіндігінде.

Сонымен бірге, жаңа бейнеконференция қызметі қатысушыларға бір уақытта жиналысқа да қатысып және құжаттармен де айналысуға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ ол бейнеконференцияларды толықтай көшіріп, оларды архивтей алады. Осы қызмет көрсету түрінің Skype және де басқа технологиялардан басты айырмашылығы – көпнүктелі (1000 адамға дейін) бейнеконференция ұйымдастыруға болатындығында болып отыр. 

Айта кету керек, жақында LTE жүйесінің іске қосылатыны белгілі. Яғни бұл жүйенің келуімен жаңа мобильді қызмет көрсетулер пайда болмақ. Осы орайда, қолданушылар арасында шынайы уақыт режимінде жоғары (HD) сападағы бейнеқызмет көрсету түрлері жоғары бағаланып, ерекше сұранысқа ие болары анық. Демек шұғыл, ыңғайлы, арзан әрі қатысушылар туралы мәліметтердің толық құпия сақталуына кепілдік беретін  бейнеконференция байланыс қызметі дәл уақытында табылған технология.

Басқаша айтқанда, бұдан былай сізге іскерлік кездесуге немесе жиналысқа қатысу үшін жұмысыңызға, конференц-залға, я болмаса іссапармен басқа қалаға асығудың еш негізі жоқ. Барлық мәселені кез келген жерде тұрып-ақ, қолыңыздағы ең қажетті құралдардың (смартфон, планшет немесе компьютер) көмегімен дер кезінде, оңай, бастысы жолға қаражат шығындамай-ақ шеше аласыз.

Қазіргі кезде уақыт өміріміздің басты ресурстарының бірі десек, «Қазақтелеком» АҚ корпоративті сату Дирекциясы мен «Kazakhstan online» сауда белгісі бейнеконференция байланысы арқылы сізге уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдеудің ең тиімді тәсілін ұсынып отыр.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: dknews.kz, tengrinews.kz

Б. Қосмағамбет