Жапон халқының техникалық құрылғылар мен технологияларға деген талпынысы мен жаңалық ашуға деген құштарлығы күннен-күнге өсіп келеді. Бұл жолы да күн шығыс елінің ғалымдары бізді тағы бір жаңалықтарымен таң қалдырып отыр.
Көшеде келе жатып, өзіңіздің бейнеңізді көрсеңіз, қандай ойда боласыз? Әлбетте, өз көзіңізге өзіңіз сенбей, тоқтай қаласыз. Ал Жапонияда бұнымен ешкімді таң қалдыра алмайсыз. Өйткені Жапонияда ғалымдар адамдардың шынайы бет-әлпетінің 3D-маскасын ойлап тапты. Маска мен адам бетінің ұқсастығы сондай, көз алдыңызда тұрған егіздер ме деп ойлап қалуыңыз ғажап емес.
Бар-жоғы $3920 -ға өндірушілер сіздің 3D-портретіңізді жасап шығаруға дайын. Алдымен ғалымдар тобы сіздің бетіңізді жоғары сапалы камераға түсіріп алып, кейін алынған бейнені қатты винилхлорид материалына кескіндейді. Маска мен адам бетін бір көргеннен айырып алу қиынға соғады. Ал маска жасаушылар бұл процесті "адам бетінің фотокопиясын жасау" деп атап кеткен.
Бұл технология су жаңа болмағанымен, дәлділігі мен текстурасы жоғары нәтижеге қазір ғана жетіп отыр. "Біздер монохромды фотобейнеден бастап, түрлі-түсті технологияларға қадам басып едік. Ендігі кезек 3D технологияларын меңгеру" - дейді ғалымдар тобының меңгерушісі.
Бұл "фотошоп" емес
Бұндай масканың өндірісі бірнеше апта уақытты талап етеді. Жақындарыңызды, туыс-бауырларыңызды таң қалдырам десеңіз, көп кешікпей жапондық ақылгөйлерге хабарласыңыз.
Сурет: dailymail.co.uk