Интернеттегі өзің жайлы ақпаратты қалай өшіруге болады?

Интернеттегі өзің жайлы ақпаратты қалай өшіруге болады?

Google енді қолданушыларға ғаламтор бетіндегі жеке өзіне қатысты деректерді басқаруға мүмкіндік беріп отыр. Бұдан былай «Я в интернете» арнайы сервисі арқылы әрбір қолданушы ғаламторда өзі жайлы қандай мәліметтердің шығып жатқаны жайлы хабардар болып, сол мәліметтерді басқара алады.

Аталған арнайы парақшаның көмегіне жүгінген әрбір қолданушы ғаламтор беттерінде пайда болған (өзіне қатысты) жаңа мәліметтер жайында хабарландыру алып қана қоймай, ұнамсыздарын өшіре алатын болады.

Сонымен қатар «Я в Интернете» функциясы арқылы пайда болған мәліметтерді жіберетін хабарландыруды да үйлестіруге болады. (Мысалы, электронды поштаның мекен-жайы, немесе телефон номері).

Хабарландыруды ыңғайына келтіру үшін төменде берілген нұсқауларды орындау қажет:

1. Google-дың поштасына тіркеліңіз (Егер бұдан бұрын тіркелмеген болсаңыз).

2. «Личный кабинет Google»-ге кіріңіз.

3. «Я в интернете» бөлімінде «Нажать оповещение о появлении моих данный в интернете» батырмасын басыңыз.

4. Өзіңізге қажетті хабарландыру түрлерін белгілеңіз. Мысалы, аты-жөніңіз немесе электронды поштаңыздың мекен-жайы.

5. «Частота отправки» терезесінде хабарландырудың жіберілу уақытын көрсетіңіз.

6. «Доставка» терезесінде хабарландыру жіберілетін электронды поштаның мекен-жайын көрсетіңіз.

7. «Сохранить настройки» батырмасын басыңыз.

Егер қолданушы интернетте құпия күйінде қалдырғысы келген телефон номерін я болмаса фотосуретін тауып алған болса, оған тек жеке кабинетіндегі «Как удалить данные о себе из Интернета» сілтемесін басып, алдағы нұсқауларға еруі қажет.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: storytellingnomad.wordpress.com, today.mts.com.ua

Ж. FM