Windows ОЖ кілт сөзін жою

Қазіргі таңда көптеген компьютер қолданушылары өзінің жеке файлдарын, мақалаларын, суреттерін ДК бөтен біреуден құпия сақтау үшін жүйеге кілт сөзді орнатады. Жадымызда бәрін сақтау мүмкін емес. Кейде компьютеріміздің кілт сөзін  ұмытып қалып, оны өзгерту немесе күшін жою сынды операцияларды орындауға тура келеді. Сондықтан да, кілт сөзді өзгерту немесе күшін жою операцияларын қарастырайық.

Төменде жазылған нұсқаулықты зейін қойып, оқығаныңыз абзал. Егер сіз өз ісіңізге күмәндансаңыз төменде жазылған нұсқауларды орындаудан бас тартыңыз. Ескерту! Редакция ұжымы мүмкін болатын жағымсыз салдарға жауапты емес.

Windows ОЖ кілт сөздерді сақтау мен оларды басқару үшін көптен бері SAM жүйесін қолданып келеді. Жүйенің ішіндегі ақпарат жоғары деңгейде қорғалғандықтан, кілт сөзді анықтау немесе оны өзгерту үшін біраз уақытыңызды жоғалтуға дайын болыңыз. Көп жағдайда кілт сөзді анықтау емес, оны өзгерту немесе күшін жою қажеттілігі туындайды. Бұл жағдай үшін көптеген бағдарламалар-утилиталар қолданылады. Бұндай бағдарламаны іске қосу үшін компьютер CD/DVD немесе USB құрылғылардан жүктелу мүмкіндігін қолдауы қажет.

Осындай кең тараған бағдарламалардың бірі - Offline NT Password and Registry editor. Бұл бағдарлама Windows XP/Vista/7 операционды жүйелердегі кілт сөздер реестрімен толыққанды жұмыс істей алады. Ғаламтордан бұл бағдарламаның CD немесе USB нұсқасын жазып алуыңызға немесе мультижүктелмелі флеш жадын дайындау кеңестерін оқып алуыңызға болады.

Ең алдымен флеш жадыдан жүктеліп, Offline NT Password and Registry editor бағдарламасын іске қосыңыз.

Келесі қадамыңыз - ОЖ орнатылған бөлім нөмірін таңдау. Бағдарлама соңғы сәтке дейін Windows ОЖ-не еш өзгертулер енгізбегендіктен, шатасып қалғанның өзінде де, операцияны басынан бастап жасауға болады. Кейін бағдарлама SAM файлдар орналасқан папканың жолын сұрайды.

Әдетте бұл: X:/Windows/System32/config. Сізге көмек ретінде бағдарлама  дәл осы жолды көрсетеді. Кілт сөздің күшін жою үшін бірінші тармақты таңдаймыз да, (Password reset) қолданушы атын немесе идентификаторын 0xabcd (мұндағы abcd — бірінші бағанадағы RID) форматта жазамыз.

 Сосын таңдалған қолданушы үшін кілт сөздің күшін жою 1 немесе кілт сөзді өзгерту 2 тармағын таңдап, леп белгісін қойып, Enter пернесін шерту арқылы кілт сөз өзгерту режимінен шығамыз.

Ең соңыда q әрпін басып, Enter-ді шерту арқылы өзгертулердің сақталуымен келісеміз де, y пен Enter басамыз. Флеш жадыны немесе СD дискіні компьютерден шығарып алып, Alt+Ctrl+Del басу арқылы компьютерді қайта жүктеуге жібереміз. Мінеки, кілт сөз  өз күшін жойды.

Cуреттер: 3dnews.kz