Instagram-ға компьютерден фото жүктеуге болады

Инстаграм бүгінгі таңда өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналып барады. Таңертең көзін тырнап ашып оянғаннан, түнде маужырап ұйқыға батып бара жатқанда да инстаграм беттерін бір парақтап шықпаса, тыныш ұйықтай алмайтындай болатынын көпшілігі мойындайды.

Ал инстаграмға кіретін телефон, смартфон секілді гаджеті істен шығып қалған адам құлақ кескендей болып, өзін бар жаңалықтан жырақта қалғандай сезініп, компьютермен болса да осы желіге кірудің амалын табады. Алайда, компьютермен кіріп, өзгелердің туындысын тамашалағанымен, өзі сурет жүктей алмайды. Мұндай жағдайда не істеуге болады?

Мүмкін емес нәрсе жоқ. Бізге мұндай жағдайдан шығу үшін бірнеше компьютерлік бағдарламалар ұсынылған. Солардың ең оңай да қолайлысы Gramblr қосымшасы. Ғаламтордан жүктеп алып, компьютеріңізге орнатсаңыз болды, бітті шаруа.

Сурет жүктеу жолын жеңілдету үшін, қажетті фотоларыңызды бір жерге топтасытырып, жинақтап не жұмыс үстеліне қойғаныңыз жөн.

Бағдарламаны ашып, Instagram-ға тіркелген бұрынғы логин мен пароліңізді теріп, Login пернесін басамыз.

Choose File командасын таңдап, ашылған терезеден қажетті файлымызды таңдаймыз да, Upload мәзірін басамыз. Суреттің ең жоғарғы көлемі 650х650px.

Суреттің атауын жазып, не қалаған мәтінімізде енгізіп, Save Caption батырмасы арқылы сақтаймыз. Болды, сурет сәтті жүктелді.  

Смартфондағы секілді әлеуметтік желілерде бөлісуге де болады.

Басқа фото жүктеу үшін Upload Another (тағы да жүктеу) пернесін басамыз.