Android-ты қоқыстан тазартайық

Басқа көптеген бағдарламалар сияқты Android бағдарламасы да уақыт өте келе, қажетсіз қалдықтармен ластана бастайды. Қалайша тез әрі тегін түрде ұялы телефондағы Android бағдарламасын тазартып, қалпына келтіруге болады? 

Егер сіз кез келген қосымшаның немесе басқа да мәліметтердің кэш жадын өшіргіңіз келсе, онда 1Tap Eraser атты тегін қосымша сіз үшін арналған. Бағдарлама іске қосылғаннан кейін қолданушы алдында интерфейс ашылады. Ол арқылы сіз көптеген бос орынды алып тұрған керек емес мәліметтерді, барлық қоңыраулардың тізімін, SMS/MMS хабарларын, браузерде, картада, маркетте және басқа да қосымшалардан іздеген ақпараттардың тізімін өшіріп, тазарта аласыз. Сондай-ақ осы жерден жіберілген мәліметтер базасының тізімдеріне және өзіңіз кірген қосымшалардың баптауларына өтуіңізге болады.

                                          Бағдарлама скриншоты

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: tehno.bigmir.net, 3dnews.ru