Сандық фотоаппаратты таңдау – қарапайым іс емес. Бiреулер ыңғайлылығына және фотокамераның қолдану оңайлығына қызығады, бiреулер сурет сапасының соңына түседi. Қандай болмасын жанға лайықты фотоаппаратты таңдау керек. Әуесқой фотоаппарат па, әлде айналы фотоаппарат па? Сiздiң суреттерiңiздің сапасы қандай болады? Негізінде бұл сұрақтың жауабы сіздің қолданатын фотоаппаратыңыздың түріне тікелей байланысты. Бұл фотоаппараттардың екi классы кең таралған болып табылады және сатып алушылар көбіне өз таңдауларын осы типтер арасында жасайды.
Әуесқой фотоаппарат тұрмыстық қолданыс құралы ретінде тамаша құрылғы. Отбасылық мерейтойлар мен достық думандарды түсiруге арналған фотоаппараттың көзге көрініп тұратын кемшілігі - суреттердiң сапасы болып табылады. Бұл аппарат арқылы тамаша жарық/көлеңке байланысын немесе қандай болса да, тамаша түстердің ерекшелігіне қол жеткiзе алмайсыз. Дегенмен, көбінесе мұндай фотоаппараттардың иелерiне осы жағдайлардың болуы міндетті емес. Айналы фотоаппарат – бұл жартылай кәсіпқой аппараттардың өкілі. Мұндай фотоаппаратқа қосымша жабдықтың жиынын және ажыратылатын объективтер, аяқтар орнатуға болады. Суреттердiң сапасын сауатты қолдану шартында жақсы деңгейге жеткізуге болады. Айналы аппаратпен түсіру ерекше пиететті талап етедi. Әуесқой фотоаппарат пен айналы фотоаппараттар арасындағы айтарлықтай ерекшелік - олардың бағасында. Осылайша, әуесқой фотоаппараттың құны қосымша функциялар санымен аппараттың өлшемдерi және тағы басқалармен анықталады. Қымбат деген әуесқой фотоаппарат та айналы фотоаппарат деңгейінде сапалы сурет түсіре алмайды.
Фотоаппараттардың техникалық мiнездемесi
Фотоаппарат кез келген техника үлгiлері секілді техникалық мiнездемелер бойынша ерекшеленеді. Фотоаппараттың маңызды сипаттамалары: пиксельдердiң саны, фотоаппараттың матрицасы және оптика болып табылады. Миллионпиксель саны - фотосуреттердiң максималды шешуін анықтайтын параметр. Әдеттегiдей ескерткiш ретіндегі суреттер үшiн 5-7 миллионпиксель әуесқойлық фотосуреттер 7-10 Мп-ді талап етедi. Суреттердiң сапасы миллионпиксельдердiң санымен тiкелей анықталмайды. Ол көп жағдайда фотоаппараттың матрицасына тәуелдi болады. Бұл құрылғы: айқындылық шек, түс беру және жарықсезгiштiкпен бейнеленетiн параметрлерге жауап бередi. Егер соңғы параметрді қолдан реттеуге болса, реттелудің шекарасы барынша кең болуы керек. Оптика - ерекше тәптiштiлiкпен таңдалынатын фотоаппараттың маңызды құраушы бөліктерінің бiрi болып табылады. Ол (zoom) оптикалық үлкеюге жауап бередi - фототүсiрушiнің нақтылы қашықтықта орналасқан заттарды түсiруіне мүмкiндiк береді. Объективтiң фокус қашықтығының өзгеру мүмкiндiгi - еселiлiк санмен анықталады, сатып алудың алдында осы сан қаншаға тең екенін анықтап алу маңызды.
Фотоаппаратты таңдау критерийлерi
Фотоаппарат қолданыста ыңғайлы болуы керек. Оны пайдалану ыңғайлы болу үшiн кейбір моменттерге көңiл аударған жөн. Әуесқой фотоаппарат үшiн эргономика ең маңызды болып саналады. Сондықтан, бүгiнгі таңда бағдарлаушы батырмалардың корпустағы аз саны, ықшам пішіні, қолда ыңғайлы ұстау т.б. параметрлері танымал фотоаппараттарда жиі қолданылады. Сонымен қатар, жадының жеткiлiктi қоры туралы ұмытпаған жөн. Бұл параметр суреттердiң қанша данасы жадыға сиятынын анықтайды. Әдетте фотоаппараттарың ішіне қондырылған жады 5-15 суретке ғана жетеді. Бұл көлем жады карталары арқылы оңай кеңейедi. Сонымен бiрге, құрылғының энергия шығыны жайлы ұмытпаңыз. Аккумуляторлардың сыйымдылығының максимал болғаны бірден-бір маңызды мәселе.
Қандай маркалы фотоаппарат таңдаған жөн?
Фотоаппаратты таңдағанда ол қай фирманың өнімі екеніне көңіл аудару керек. Фотоаппараттар нарығындағы жетекшi орындағы фирмалар: Nikon, Canon, Olympus және Sony сияқты компаниялар. Көбінесе таңдау аталған фирмалардың өніміне түседі. Бұл қатардан Sony компаниясын ерекше атап өтуге болады. Егер Nikon, Canon және Olympus (бұл фирмалар көбінесе кәсiби және жартылай кәсіби фототехникаларды шығарады) фото құрылғыларды шығарудың хас шебері болса, Sony компаниясы көп профилдi болып табылады. Sony камералары суреттерді тамаша түсірмесе де, бұл өндiрушiнiң фотоаппаратары қосымша функциялардың шексіз санымен бірге қарапайым қолданылуымен ерекшеленеді. Canon, Olympus камераларының бағалары Sony фотоаппараттарына қарағанда әлдеқайда қымбат.
Соңғы өндiрушiлердің фотоаппараттары фотосуретпен кәсiби деңгейде шұғылдануға мүмкiндiк береді. Егер бұл брендтер туралы нақтылай атап кетсек: Olympus түпнұсқаға барынша жақын етіп түсірсе, Nikon артық көкшiл түсте, Canon (басқа камералармен салыстырғанда) фотоны жарықтау етіп түсіре алады.
Фотоаппараттарға арналған аксессуарларды таңдау
Фотоәуесқойлар фотоаппаратты тек қана сатып алумен шектелмей, камераларға арналған қосымша жиындарды да сатып алады. Олар пайда болатын суреттердiң сапасын көтеріп, фотоаппараттың қолданылуын жеңілдетеді.
Әдетте фотоаппаратқа арналған аксессуарлардың жиыны мыналардан тұрады:
* Жады карталары және оларды оқу құрылғылары
*Сандық фотоальбом
*Қорғаныш сүзгілер
*Жарық сүзгілер
*Объективтiң оптикасын тазалау үшiн қажеттi күту құралдары
*Таяныш
*Жарқылдағыш
*Қорғаныс қабы
Фотоаппараттардың функционалдылығы
Қазiргi сандық фотоаппараттар фотоға түсiру үрдісін әлдеқайда жеңіл және ыңғайлы етуге мүмкiндiк береді. Қосымша функциялардың саны да үлкен қарқынмен өсіп жатыр. Әдеттегiдей, бұл функциялардың саны аппараттың құнына тiкелей пропорционал өседi десек те, сапалы суреттер алу үшiн олардың барлығы қажет емес. Осындай функционалдардың қажеттілері мыналар: оптикалық зум, фотоны түсіру тәртібін таңдау, фотоаппараттың жарқ ету күйін реттеу.
Сурет ithebuyer.ru сайтынан алынған.