Директор хатшысына: «Алдағы бір апта жұмыс бабымен Астанаға барамыз. Сен дайындал!».
Хатшы күйеуіне қоңырау шалып: «Бір апта үйде бола алмаймын. Жұмыс бабымен Астанаға баратын болдым».
Күйеуі көңілдесіне қоңырау шалып: «Бір аптаға әйелім Астанаға кетпек. Сен қасымда болшы».
Мұғалім апай оқушысына қоңырау шалып: «Сабақ қазір басталмайды. Бір апта демалыс».
Оқушы атасына қоңырау шалып: «Сабақ беретін апайым бір апта демалыс берді. Қасыңызға барып біраз күн тұрып қайтсам».
Атасы хатшы келіншекке: «Бірнеше күн немереме серік боламын. Астанадағы жұмысты кейінге қалдырайық».
Хатшы келіншек күйеуіне қоңырау шалып: «Астанаға бара алмайтын болдық».
Күйеуі көңілдесіне: «Әйелім Астанаға бармайтын болыпты...»
Мұғалім апай оқушысына: «Сабақ басталады. Демалыс жоқ!»
Оқушы Атасына: «Мен сабақ оқитын болдым. Қасыңызға бара алмайтын болдым, ата».
Атасы хатшы келіншекке: «Астанаға барамыз, дайындал!»...
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com