"Үйлену оңай, үй болу қиын",- деп бұрыңғы бабаларымыз тегін айтпаған. Бірін-бірі сүйдім-күйдім деп жастықтың отымен отбасын құрып, кейін "тағдырдың жазғанына көнеміз де", деп ажырасып жатқандар қаншама. "Қайта шапқан жау жаман, қайтып келген қыз жаман" демекші, өткен дәуірдің асыл сөзі бүгінде көк тиын құны болмай қалды. Бұл бүгінгі күнде басты қиындықтар қатарынан орын алып отыр. Жесір қалған ару, жетім қалған бала, қайтадан сүрбойдақ атанған азамат... Мұнымен күресу үшін қазіргі таңда үйленгендердің бір-біріне деген сенімін арттыру мақсатында көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы іске әзіл ордалары де өз үлесін қосып жүр. Шама келгенше шаруаның мән-жайын түсіндіріп, отбасындағы жиі болатын оқиғаның шешімін күлдіру арқылы жеткізіп жүр. Сондай керемет көріністі "Алдараспан" театрының әртістері де халыққа жеткізе білген екен. Осы кезекте ең бірінші ауыртпалық жігіттерге түспек. Алдымен сұлуыңызға сөз айтпай тұрып ары қарай сол арумен бірге болуға дайын екеніңізге көз жеткізгеніңіз жөн.