Ғалымдардың зерттеуі бойынша, адамның денсаулығы мықты болуы үшін барлығы өз деңгейінде орындалғаны дұрыс. Алайда, жасайтын жұмыстардың кесте бойынша келмеуіне байланысты қалыпты жағдайлардан сәл де болса ауытқитынымыз рас. Оның ең бірінші себебі ұйқы десек қателеспейміз. Түнде жапалақтай телефонға телміріп, таңертең қиналып тұратын жандар күні бойы мең-зең болып жүретіні белгілі. Себебі, ұйқы безі дұрыс демалмағандықтан, адамның жігерін, күш-қуатын және денсаулығындағы иммунитеттерді де алып қояды. Әрбір орындалмаған ұйқы сізді жалқаулық пен науқас жанға шалдықтыруы мүмкін. Бұл туралы көптеген оқиғалар мен бейнероликтер жетерлік. Түс ауа ұйқыны қайдан табам деп маужырап отқандар ақ жастыққа басты ертерек тигізіп, тәтті ұйқыға кетуді аңсап отырады. Сол себепті барлығын өз дәрежесінде жасаған дұрыс. Күніне 5-6 сағат ұйқы адам баласының күні бойы сергек жүруіне жетеді.
Егер сіз біздің жоғарыдағы айтқан кейіпкеріміз болсаңыз, төмендегі мультфильмдегі баламен ұйқыны бірге іздеп көріңіз. Бәлкім жоғалтқан дүниеңіз аяғыңыздың астында жатуы әбден мүмкін.