ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР, БҰЛ ЖАЗБА 1 СӘУІР КҮЛКІ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЗЫЛҒАН ӘЗІЛ МАТЕРИАЛ БОЛАТЫН. СОЛ СЕБЕПТІ ЖАЗБАДАҒЫ АҚПАРАТТАРДЫҢ ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙТЫНЫН ЕСКЕРТЕМІЗ.
Биыл Білім департаменті мамандарының ортақ шешімі бойынша, оқушылар бір күннің ішінде 8 пәннен тест тапсырады: математика, биология, география, химия, Қазақстан тарихы, орыс тілі, қазақ тілі және таңдалған пән — әрбір пән 25 сұрақтан тұрады. ҰБТ-ның жүргізілуіне 4,5 сағат, яғни 270 минут беріледі. Жоғарғы оқу орындарына түсушілердің минималды өту балы 200 балл ішінен — 120 (ұлттық университеттерге түсу үшін - 130 балл), себебі қазақ мектептері үшін орыс тілі және орыс мектептері үшін қазақ тілі пәні ескерілмейді.
Бұндай оқыс шешімді департамент білім саласындағы жаңа реформалармен түсіндірді.
Айта кетелік, Ұлттық бірыңғай тестілеу - Қазақстан Республикасында қолданылатын мектеп бітірушілердің білімін сынау жүйесі. ҰБТ-ның нәтижесі оқушының ЖОО-ға орналасуын қамтамасыз етеді. Яғни, оқушының еліміздің университеттеріне түсу мүмкіншілігі және қорытынды аттестатының бағасы оның ҰБТ-да алған балдарының санына байланысты болады.
Өткен жылдары мектеп бітірген түлектер, колледж бітірушілері және кейбір талапкерлер үшін ҰБТ аналогы ретінде Кешенді Тестілеу болып есептеледі.
Кешенді тестілеуге қатысу үшін ЖОО-ның қабылдау комиссиясына мына құжаттарды өткізу міндетті:
1) Мәлімдеме
2) Білім ағарту құжаты - төлнұсқа
3) Қызмет көрсету төлемінің түбіртегі (780 (ауыспалы) теңге, "Қазпошта" бөлімі арқылы)
4) 2 фото (3x4)
5) Жеке куәлігінің копиясы (паспорттың)
6) Баулы папка
7) Конверт
8) 086 У анықтамасы (психдиспансер және наркодиспансердің мөрі және флюрография міндетті түрде).
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: spinigrade1.rssing.com